Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «ӨЛЕҢ ЖАЗБАЙМЫН, БІРАҚ ӨҢДЕЙ АЛАМЫН...»

«ӨЛЕҢ ЖАЗБАЙМЫН, БІРАҚ ӨҢДЕЙ АЛАМЫН...»

1963 жылы аудандық газет екі жылғы үзілістен кейін «Өскен өңір» деген жаңа атаумен шыға ­бастады. Жазатын адамдар тапшы. Жоғары білімділер түгілі, орта мектепті бітірген мақала жазуға қабілеті бар жастарды табудың өзі қиынға түсті. Осы кезде аудан басшыларының бірінің үйіне Алматының Абай атындағы педагогикалық институтын тарих және әдебиет мамандығы бойынша бітірген інішегі келе қалады.
– Газетке қызметкер іздеп жатыр деп естідім. Жоғары білімді әдебиетші інішек газетте істегісі келеді, бағын сынап көрсе қалай болады? – деді газет редакторы Дүйсенбі Смайыловқа телефон соғып.
– Өте дұрыс болар еді. Жіберіңіз әңгімелесіп көрейік, – дейді редактор көңілді, көтеріңкі дауыспен.
Ашаң келген бойы сырықтай қараторы жігіт «рұқсат па» деп есіктен ішке ене берді.
– Рұқсат, рұқсат, аты-жөніңді, шаруаңды айта отыр, – деді редактор.
– Есімі – Нағашбек. Білімім жоғары. Оқуды биыл бітірдім. Жұмыс Алматы облысынан болып тұр. Туған жерімде болсам деп едім... Көрші жатқан Сырдария ауданынанмын.
– Туған жерді ұмытпаған жөн, әрине.
– Қолыңнан жазу келе ме? Жазған мақала, әңгімелерің бар ма?
– Бір-екі мақалам газеттерге шыққан...
– Өлең жаза аласың ба?
– Өлең жаза алмаймын, бірақ өңдей аламын, – деді сәл кідірістен кейін.
Мінезі ауыр Дүйсекең «мырс» етіп күлді де, – Солай де, өңдей білген де өнер. Келген материалдарды өңдеу редакцияның бір міндетіне жатады. Ертеңнен бастап жұмысқа шыға бер, – деді езуі жиырылмаған күйі.
Нағашбек Иманғалиев қызметті тілшіліктен бастап газеттің білдей бөлім меңгерушісіне дейін көтерілді.

Сәрсенбек БЕКМҰРАТҰЛЫ
13 қазан 2026 ж. 24 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9445)

13 қазан 2026 ж.

№77 (9444).

10 қазан 2026 ж.

№76 (9443)

06 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031