Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Балаларға арналған ұлттық қор» бағдарламасы іске қосылады

«Балаларға арналған ұлттық қор» бағдарламасы іске қосылады

Мемлекет басшысы балалар жылы аясында жаңа «Балаларға арналған ұлттық қор» бағдарламасын іске қосылатынын айтты.


«Әрбір отбасы елдің ұлттық байлығын пайдаланғаны үшін нақты табыс алуы керек. Сондықтан мен жариялаған Балалар жылы аясында жаңа «Балаларға арналған ұлттық қор» бағдарламасын іске қосуды аса маңызды деп санаймын.

Кәмелеттік жасқа толғаннан кейін жинақталған сома тұрғын үй сатып алуға және білім алуға жұмсалады. Бұл қаражат өскелең ұрпаққа кәмелеттік өмірге нағыз жолдама береді», деді Қ.Тоқаев.

Президент аталған қордың ұлттық мәртебеге ие болып, халық игілігіне қызмет ететін атап өтті.

«Осы ауқымды істі жан-жақты зерделеу қажеттілігін ескере отырып, жобаны 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосуды тапсырамын», деді Мемлекет басшысы.


Сәрсенбек Бекмұратұлы

01 қыркүйек 2022 ж. 8 402 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (9391)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (9390)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (9389)

28 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930