Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда "7-20-25" бағдарламасын орындау үшін жаңа компания құрылады

Қазақстанда "7-20-25" бағдарламасын орындау үшін жаңа компания құрылады

ҚР-дағы жаңа тұрғын үй бағдарламасымен "Баспана" ипотекалық компаниясы АҚ айналысады. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Today.kz.
"Парламент палатасының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бірлескен отырысы барысында 5 наурызда айтылған Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін "7-20-25. Әр отбасы үшін тұрғын үй сатып алудың жаңа мүмкіндіктері" атты Бағдарламасы шеңберінде Ұлттық Банктің еншілес ұйымын акционерлік қоғам нысанында құру көзделген, ол Бағдарлама операторы болады. Бағдарламаны іске асыру мақсатында Ұлттық Банк Басқармасының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 85 қаулысымен акционерлік қоғам нысанында ипотекалық компания құру туралы шешім қабылданды", – делінген хабарламада.
Жаңа құрылатын ипотекалық компанияның қызметі бойынша сұрақтар туындаған жағдайда, қазақстандықтан мына телефондарға хабарласа алады: +7 (727) 330-24-86, +7 (727) 2704-591, ішкі тел. 3953.
Сондай-ақ Facebook-те Ұлттық Банктің "ҚР Ұлттық Банкі хабарлайды, түсіндіреді, түсініктеме береді" парақшасында сұрақ қоюларыңызға болады.
29 мамыр 2018 ж. 1 259 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

№75 (9342)

04 қазан 2025 ж.

№74 (9341)

30 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031