Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » "БОРЫШКЕР" ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛУДЕ

"БОРЫШКЕР" ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛУДЕ

Құрметті аудан тұрғындары!
Ағымдағы жыл басынан аудан көлемінде анықталған әкішілік құқық бұзушылық бойынша салынған айыппұлдарды ҚР Бас прокуратурасының 2017 жылғы 4 шілдедегі № 69 және ҚР ІІМ-нің 2017 жылғы 10 шілдедегі № 477 бірлескен бұйрығына сәйкес «Әкімшілік өндірістердің біріңғай тізілімі» ұялы қосымшасын электронды пайдалану пилоттық жобасына байланысты «SAMSUNG GALAXI TAB ACTIVE 8.0 SM-T365» үлгісіндегі электронды планшеттер мен қағаз жүзіндегі рәсімделген әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша айыппұлдарды интернет желісі (Каспий KZ сайты) арқылы төлеуге болады.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 811 бабы 1-2 бөліктеріне сәйкес, анықталған құқық бұзушылық жасалған күннен бастап 7 (жеті) тәулік ішінде төленсе, өзіне салынған айыппұл мөлшерінің елу пайызы мөлшеріндегі айыппұлды төлейтіндігі көзделген.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 894-бабының 1-тармағына сәйкес, жауаптылыққа тартылған тұлғаның жалақысынан немесе өзгеде кірістерінен айыппұл соммасын мәжбүрлеу тәртібімен ұстап қалу үшін ол жұмыс істейтін не сыйақы, зейнетақы, стипендия алатын ұйымның әкімшілігіне салынған айыппұлдардың өз еркімен уақытылы төлеуден жалтарып жүрген тұлғаларға қатысты тиісті қаулылар жолданатындығын ескертеміз.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 894-бабының 3-тармағына сәйкес егер айыппұл салынған тұлға жұмыссыз болса немесе басқада себептер бойынша айыппұлды жалақысынан немесе өзгеде табыстарынан өндіріп алу мүмкін болмаса салынған айыппұлдың өз еркімен төлеу уақыттарының өтуіне байланысты Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес мәжбүрлеп өндіру үшін сот орындаушысына жіберіледі.

Құрметті аудан тұрғындары!

Ағымдағы жылдың қыркүйек айының 1 – 30 күндері аралығында аудан көлемінде «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Осыған орай, әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша салынған әкімшілік айыппұлдарды уақтылы заңда көрсетілген жеңілдіктерді пайдалана отырып төлеп, қосымша сұрақтар бойынша Шиелі ауданының полиция бөлімінің Әкімшілік полиция бөлімшесінің әкімшілік тәжірибе тобына хабарласуларыңызға болатындығын ескертеміз.

ШИЕЛІ АУДАНЫ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ

ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БӨЛІМШЕСІ
13 қыркүйек 2021 ж. 1 915 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031