Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Борышкерлермен күрес күшейді

Борышкерлермен күрес күшейді


Айыппұлдарды өндіру жұмысын жандандыру, өз еркімен төлеуден жалтарушы азаматтарға қатысты пәрменді шараларды ұйымдастыру мақсатында биылғы жылдың қыркүйек айының 30-ы мен қазан айының 10-ы аралығында аудан көлемінде «Борышкер» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде. Әкімшілік полиция ұйымдастырған бұл шараның мақсаты – аудан көлемінде салынған айыппұлдарды өз еркімен төлеуден жалтарып жүргендерден мәжбүрлі түрде өндіру. Ал берешегін өтеуден жалтарып жүрген борышкерлерге заң аясында тиісті шара қолданылады.
Осы орайда 2019 жылдың 9 айында аудан көлемінде ҚР Бас прокуратурасының 2017 жылғы 4 шілдедегі №69 және ҚР ІІМ-нің 2017 жылғы 10 шілдедегі №477 бірлескен бұйрығына сәйкес «Әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізілімі» ұялы қосымшасын электронды пайдалану пилоттық жобасына байланысты «SAMSUNG GALAXI TAB ACTIVE 8.0 SM-T365» үлгісіндегі электронды планшеттер мен қағаз жүзіндегі рәсімделген әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша айыппұлдарды интернет желісі (Kaspi.kz сайты) арқылы төлеуге болатындығын айта кетейік. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 811-бабы 1-2 бөліктеріне сәйкес, анықталған құқық бұзушылық жасалған күннен бастап 7 тәулік ішінде төленсе, өзіне салынған айыппұл мөлшерінің 50 пайызы ғана алынады. Алайда, борышкер айыппұл төлеуден жалтарса, жалақы, зейнетақы немесе степендия алатын мекемеге тиісті қаулылар жолданады. Егер жұмыссыз болған жағдайда мәжбүрлеп өндіру үшін сотқа жолданатын болады. Сондықтан мемлекет алдындағы қарызыңыздан уақытылы тиімді жеңілдікпен төлеп құтылыңыздар!


Гүлнәр Әбдіханиқызы
08 қазан 2019 ж. 742 0