ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ АУМАҒЫНДА «АВТОБУС» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛУДЕ
Автомобиль жолдарында жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті арттыру, сондай-ақ желіде қызметін тіркеусіз жүзеге асыратын азаматтарға қатысты бақылауды жетілдіру мақсатында шілде айының 16-18 күндері аралығында облыс аумағында «АВТОБУС» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара аясында облыс көлемінде көлік жолдарында Жергілікті полиция қызметі, Әкімшілік полиция басқармасы, көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп, заңсыз тасымалдаушыларды анықтау бойынша тексерістер жүргізілуде. Сонымен қатар, Көліктік бақылау басқармасы, Мемлекеттік кірістер комитеті өкілдерінің қатарынан мобильді топтар жасақталып, алдын ала және кезең-кезеңімен, оның ішінде рейс алдында жүргізушіні мединалық қарау, олардың еңбек және демалыс режимін сақтауын қадағалау жоспарлануда.
Қызылорда ОІІД Баспасөз қызметі