Қызылордалық полицейлер «Борышкер» іс-шарасын өткізуде
Kyzylorda-news.kz. Ағымдағы жылдың қыркүйек айының 30 мен қазан айының 10 күндері аралығында облыс көлемінде өңірлік жеке сот орындаушылар палатасының қызметкерлерімен бірлескен «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Аталған іс-шара мақсаты салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіру.
ҚР ӘҚБтК-нің 893-бабына сәйкес, әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлға айыппұлды қаулы заңды күшіне енген күннен бастап отыз тәуліктен кешіктірмей төлеуге тиіс. Төленбеген жағдайда осы Кодекстің 894-бабына сәйкес, айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлі түрде орындату мақсатында сот орындаушыларына жолданады.Іс-шара барысында Қызылорда ОПД Жергілікті полиция және Әкімшлік полиция басқармаларының қызметкерлері өңірлік жеке сот орындаушылар палатасының қызметкерлерімен бірлесіп, борышкерлерді анықтау мақсатында рейдтік іс-шаралар ұйымдастыруда. Рейд барысында қарыздары бар жүргізушілердің тізімдері шығарылып, мобильді топтармен автокөліктері анықталған жағдайда айып алаңына қойылып немесе мемлекеттік белгілері тәркіленуде.
Іс-шара басталғалы барлығы 2 млн. астам теңге көлемінде айыппұл өндірілді.
Айыппұлдарын төлемей жүрген азаматтарға қатысты мәжбүрлеу шаралары қолданылуда. Жеке сот орындаушыларына түскен әкімшілік істер бойынша бүгін де біршама шектеу жұмыстары жүргізіледі, яғни шет елдерге шығуға шектеу қою, мүліктеріне шектеу қою сияқты. Бұл жұмыстар әрі қарай да жалғасын табады. Осы тұрғыда айыппұлды заңда қарастырылған мерзімде 50 пайыз жеңілдікпен жеті тәулікте төлеуге немесе бір ай мерзімнен кешіктермей төлеулеріңізді сұраймыз.
Тұрғындардың назарына! Айыппұлдарыңыз бойынша қосымша мәліметтерді Қызылорда ОПД ӘПБ Әкімшілік практика бөлімінен (мекен жай: Қызылорда қаласы, Назарбаев даңғылы №22 ғимаратынан) біле аласыздар.