Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » "Борышкер" іс-шарасы

"Борышкер" іс-шарасы


Шиелі ауданының полиция бөлімі, аудандық прокуратура және жеке сот орындаушыларының қатысуымен 2021 жылдың ақпан айының 04 мен 14 күндері аралығында «БОРЫШКЕР» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша шығарылған қаулыны уақытында яғни, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама рәсімделген күннен бастап 7 тәулік ішінде салынған айыппұлды 50 пайыз жеңілдікпен төлеу мүмкіндігі, сонымен қатар әкімшілік құқық бұзушылық қаулысы шыққан күннен бастап 30 күн мерзімде ерікті түрде айыппұлды өндіру жөнінде, егер айыппұл ерікті түрде өндірілмеген жағдайда мәжбүрлеп орындау үшін сот орындаушыларға жолданатындығы жөнінде аудан тұрғындарына түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Іс-шара барысында мемлекетке айыппұл берешегі және салық төлемдері қалыптасқан көлік жүргізушілері тексеріліп, көлік құралдары айып тұрағына жеткізілуде.

Әкімшілік айыппұлды және салық берешегін төлемеген борышкерлерге заңмен белгіленген мерзімде төлеулеріңізді сұраймыз.

Шиелі Ауданының Полиция Бөлімі ФБ парақшасынан


07 ақпан 2021 ж. 678 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031