Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Өскеменде із-түзсіз жоғалған қызды тапқан 10 жасар балалар марапатталды

Өскеменде із-түзсіз жоғалған қызды тапқан 10 жасар балалар марапатталды

Өскемен қаласында із-түзсіз жоғалған қызды тапқан екі бала марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгін Сол жағалау полиция бөлімінде Саян Төлеуханов пен Нұрәлі Манарбекті марапаттау рәсімі өтті. 10 жасар ұлдар жоғалып кеткен қызды іздеуге белсенді қатысып, оның қайда екендігі туралы уақтылы хабарлаған. «Сіздер жастарыңызға қарамастан шетте қалмай, көмек көрсетуден тайынбадыңыздар. Полиция қызметкерлерімен және еріктілермен бірге бірнеше күн бойы жоғалған 14 жастағы қызды іздеумен болдыңыздар. Ата-аналарыңызға осындай ұлдарды тәрбиелегендері үшін алғыс айтқым келеді», - деді Сол жағалау полиция бөлімінің бастығы Рауан Шибутов. Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Өскеменде 14 жастағы қыздың жоғалып кеткендігін хабарлаған болатынбыз. 3 күннен кейін ол аман-есен табылған.

https://www.inform.kz​​​
13 тамыз 2021 ж. 1 690 0

Қоғам

Лайкқа    лайық өмір іздеп...
21 қыркүйек 2026 ж. 87

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (9438)

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (9437)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (9436).

12 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930