Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Үш күн бұрын Алматы тауларында жоғалып кеткен жігіт табылды

Үш күн бұрын Алматы тауларында жоғалып кеткен жігіт табылды

Ò®Ñ ÐºÒ¯Ð½ бұÑÑн ÐлмаÑÑ ÑаÑлаÑÑнда жоÒалÑп кеÑкен жÑгÑÑ ÑабÑлдÑ
Алматы тауларында үш күн бұрын жоғалған ер адам табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Құтқару операциясы туралы ТЖК баспасөз қызметі жариялады.

«Әкелі-балалы екеуі 27 маусымда тауға шығып кеткен. Турист асуына жеткен соң әкесі шаршап, әрі қарай бармаған. Баласы рюкзактарын сол жерге қалдырып, тауға көтерілген. Баласының шыңға жеткеніне көз жеткізген әкесі Үлкен Алматы көлінің жағалауына қарай түскен. Ал баласы шыңнан түсіп келе жатып, жолда ұйықтап калған. Оянған соң асуда рюкзагын қалдырып кеткені есіне түскен. Осылайша қайтадан артқа оралған. Көлдің бойында күткен әкесі алаңдап, құтқарушыларға хабарласқан»,- деді баспасөз қызметінен.

8 құтқарушы іздестіру жұмыстарына кірісті. Олар екі топқа бөлініп, бір топ - Үлкен Алматы көлі, екіншісі - Турист асуы жағынан іздеуді бастап кетті.

«Арада біраз уақыт өткенде жоғалған жігіт Кеңестер шыңынан түсетін жолдан табылды. Бір түн жылы киімсіз тауда қонғанына қарамастан, оның дені сау, медициналық көмекті керек қылған жоқ», - деп мәлім етті ТЖК баспасөз қызметі

Әке мен бала қауышқан соң құтқарушылар оларға тауда жүріп-тұру ережелерін түсіндірді.

24.kz
31 шілде 2019 ж. 870 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930