Алматы тауларында екі испандық қыз құтқарылды
Құтқарушылар Испания азаматшаларын көліктеріне дейін апарды, оларға медициналық көмектің қажеті болған жоқ. Кеше Үлкен Алматы көлі аумағында екі Испания азаматшасы жоғалып кеткен. Абырой болғанда, қыздарды жедел-құтқару тобы ажалдан аман алып қалды, деп хабарлайды BNews.kz ҚР ІІМ ТЖК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"26 тамызда 16.09-да Алматыда республикалық жедел-құтқару жасағына Үлкен Алматы көлі аумағындағы шыңда екі қыздың жоғалғандығы туралы қоңырау шалынған. Сағат 16.24-те ішінде кинологтары да бар республикалық жедел-құтқару жасағының тобы, оқиға орнына шұғыл аттанды. Сағат 18.06-да туристер табылып, оларды таудан түсіру жұмыстары басталды. Арада 50 минут өткенде шетелдіктер қауіпсіз жерге жеткізілді", - деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов.
Құтқарушылар Испания азаматшаларын көліктеріне дейін апарған, оларға медициналық көмектің қажеті болған жоқ.
bnews.kz