Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақмола облысында тастардың астында қалған экскаваторшы құтқарылды

Ақмола облысында тастардың астында қалған экскаваторшы құтқарылды

Ақмола облысында алтын өндіретін кеніште экскаватордың үстіне тастардың үйіндісі құлап, жүргізушіні басып қалды. Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері Думан Дəлешовтың мәліметінше, құтқару жұмыстары 11 сағатқа жалғасты. Оқиға таңертең сағат 08:00 шамасында «Алтынтау-Көкшетау» ЖШС ашық кенішінде болды. Тау жынысын қопарып жатқан экскаватордың үстіне тастардың үйіндісі құлап, кабинаны ішіндегі жүргізушісімен бірге басып қалған. 11 сағатқа жалғасқан құтқару жұмыстарынан кейін 1993 жылы туған жүргізушіні кабинадан алып шығу мүмкін болды. «Экскаваторшыны аман-есен алып шықты. Қазір оны ауруханада», - деді Думан Дәлешов. Оқиға орнында құтқару жұмыстарын ТЖД-ның жеке құрамындағы 13 адам мен 2 арнайы техника жəне медицина қызметкерлері жүргізді.
www.24.kz
22 шілде 2018 ж. 1 198 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (9394)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (9393)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (9392)

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930