Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тауға шығып, өздігінен түсе алмаған екі студент аман-есен құтқарылды

Тауға шығып, өздігінен түсе алмаған екі студент аман-есен құтқарылды


Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданы Алатау ауылдық округіндегі Ақмешіт шатқалында тауға шығып, өздігінен түсе алмаған екі жігітті құтқару операциясы жасалды.

«12 мамырда сағат 20: 30-да құтқару қызметіне екі жігіт көмек сұрап хабарласты. Тауға көтерілген 1997 және 1998 жылы туылған балалар кеш батып кеткендіктен қайтып түсе алмайтындарын айтты. Оқиға орнына жедел-құтқару құрамының 5 қызметкері және 1 техника жіберілді. Аталған жерге келген қызметкерлер жас жігіттерді сағат 23:00-ге дейін іздеген. Құтқарушылар кеш батып кеткенін ескере отырып, құтқару жұмыстарын келесі күні жүргізуге шешім қабылдады», – делінген хабарламада.
13 мамыр күні таңғы сағат 05: 15-те іздестіру тобы жас жігіттермен байланыс орнатқан. Құтқарушылар 07: 25-те олардың қайда екенін анықтап, таудан түсу жұмыстарын жүргізген. Сағат 08: 53-те студенттер шатқалдың шыңынан қауіпсіз жерге аман-есен жеткізілген.
Құтқарушылар құтқару жұмыстары бес сағаттан астам уақытқа созылғанын және тау биік болғандықтан, одан түсу әлдеқайда күрделі болды деп атап өтті.
«Біздің мамандарда осындай жұмыстарды жүргізу және қиын жағдайға тап болған туристерге көмек көрсету үшін қажетті апаттық-құтқару техникасы бар. Жыл басынан бері таулы аймақта екі іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді. Оның барысында 4 адам құтқарылды және олардың екеуі кәмелетке толмағандар», – деп хабарлады құтқару бөлімінің бастығы Павел Вишенин.
Stan.kz
13 мамыр 2018 ж. 1 163 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930