Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық ойын ұлықталды

Ұлттық ойын ұлықталды


Жылқы жалында өскен қазақ халқы үшін ұлттық ойынның орны ерекше. Қызығымен қатар, адам денсаулығы үшін тигізер пайдасы көп ойындарды жиі ұйымдастырып отыратын халық, технологияның дамыған заманында ұлттық ойындардан біртабан алыстағаны да жасырын емес.Осы орайда өткен аптада Ұлыстың ұлы күніне орай және ұлттық ойындарды қайта жаңғыртып, жастарға насихаттау мақсатында дала академигі атанған Ыбырай Жақаев ауылында дүбірлі дода өтті. Ауыл жастарының жұдырықтай жұмылып, атсалысуының арқасында атшабарға арнайы жер белгіленді. Демеушілердің көмегімен техникалар жұмылдырылып, белгіленген орын тегістелді. Шатыр тігілді.
Аудан тұрғындары бәйге, көкпар, гір тасын көтеру, ләңгі, арқан тарту сынды ойындардан бақтарын сынады. Ал, түс уақытында арнайы дастарқан жайылып, ас берілді. Ауданның төрт бұрышынан арнайы келген көкпаршылар мен ұлттық ойынды тамашалаушылар қызыққа қанығып, ауызбіршілік танытқан ауыл жастарына деген ризашылықтары шексіз болды. Таңның шапағымен жарысып барған тұрғындар, күннің ұясына қалай батқанын да сезбеді.

Е.ДАТҚА.
30 наурыз 2019 ж. 837 0