
БАУЫРЫМ, БАҚТЫ СЫРТТАН ІЗДЕМЕГІН...
Барша адамзатты жарық нұрға бөлеген қасиетті кітап – Құранды түсірген және оны түсіндіріп жеткізу үшін Өзінің елшісі, ардақты пайғамбары Мұхаммедті (с.ғ.с.) жіберген Алла тағаланың атымен бастаймын. Сөзімді бастамас бұрын, өзім жайлы сәл баяндасам. Туып-өскен жерім Тереңөзек кенті. Азан шақырып қойған есімім...











