Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, тұман түседі

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, тұман түседі


«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің мәліметіне қарағанда, антициклон Қазақстан облыстарының басым бөлігіне ықпал етеді, соның салдарынан еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады. Тек елдің солтүстік батысы мен солтүстігінде аздаған жауын болуы ықтимал, деп хабарлайды Вaq.kzақпарат агенттігі.
Алайда осы күні республиканың кей аймағында жел күшейіп, оның соңы шаңды дауылға да ұласуы ықтимал. Түнде және таң ата елдің бірқатар аймағына тұман түседі.
Алматы облысының Жалаңашкөл аумағында желдің жылдамдығы секундына 17-22 метрге, ал екпіні 25 метрге жетеді.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, күндіз желдің екпіні секундына 23 метрге жетеді. Түнде және таң ата тұман түседі.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында түнде және күндіз бірқатар аймақта тұман түседі деген болжам бар.
Түркістан, Маңғыстау және Жамбыл облыстарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Жамбыл облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, кей жерге тұман түсуі ықтимал. Желдің соңы шаңды дауылға ұласуы ықтимал.
Қарағанды облысында түнде және таң ата кей жерде тұман түсіп жел секундына 18 метр жылдамдықпен соғады.
Қызылорда, Түркістан облыстары мен Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе және Қарағанды облыстарының кей жерінде өрт қаупі сақталады.
Baq.kz
06 қыркүйек 2018 ж. 1 201 0