Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Нобель премиясының жаңа баламасы пайда болды

Нобель премиясының жаңа баламасы пайда болды

Нобель премиясы комитеті 2018 жылғы марапаттау рәсімін өткізуден бас тартқан болатын. Осыған қарсылық ретінде бірнеше өнер адамы бірлесіп оған балама әдеби премия тағайындаушы ұжым құрды.   "Адами құндылықтардың маңызы қалмаған заманда әдебиетке баса назар аударған жөн. Үнсіздікке қарсы ең күшті қару осы әдебиет болмақ ",- дейді премияны ұйымдастырушылар.
Альтернативті академия 4 автордан құралған шорт-лист ұсынды.Онда жапониялық Харуки Мураками, британиялық Нил Гейман, франциялық Мариз Конде және канадалық Ким Тхуи есімдері жазылған. Әділқазы алқасының мүшесі Энн Полссон номинанттарды жариялаған кезде осы авторлардың өзіндік ерекшеліктерін атап өтті.   Премияға претендент ретінде 47 автордан өтініш келген. Жеңімпазды қазан айында, яғни, әдетте Нобель премиясы жеңімпазын анықтайтын уақытта хабарлайды. Ресми марапаттау рәсімі 11 желтоқсан күні өтеді. Шарадан кейін алтернативті академия мүшелерін таратып жібереді. 

Massaget.kz
06 қыркүйек 2018 ж. 340 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (8722)

14 қыркүйек 2019 ж.

№70 (8721)

10 қыркүйек 2019 ж.

№69 (8720)

06 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам