Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Альфред Нобель қалай байыды?

Альфред Нобель қалай байыды?



Әйгілі Нобель сыйлығы әлемдегі теңдесі жоқ марапаттардың бірі саналады. Ол жыл сайын мәдени, академиялық және ғылыми жетістіктерге жеткен тұлғаларға ұсынылып жатады. Оның иегерлерінің қатарынан рентген сәулелерін ойлап табушы Вильгельм Рентген секілді танымал тұлғаларды, Израиль президенті Шимон Пересті, орыс ғалымы Иван Петрович Павловты, физик-теоретик Альберт Эйнштейнді көруге болады.… Оқыс оқиға Біз білетініміздей, Нобель сыйлығын Альфред Нобель ойлап тапты, алайда бұған себеп болған оқиғаны көп адам біле бермейді. Альфред Нобель 1833 жылы Стокгольмде, инженер отбасында дүниеге келген. Әкесі Эмануэль Нобель, жер асты жолдары мен көпірлердің құрылысымен айналысады. Альфред ер жеткен кезде өзінің ағаларымен бірге әкесі ашқан отбасылық кәсіппен шұғылдана бастайды. Таулы аймақта жол салу үшін ол кездері нитроглицерин және қопарғыш секілді жарылғыш заттарды пайдаланған болатын. Алайда бар мәселе нитроглицеринді алыс аймаққа тасымалдаудың мүмкін еместігінде болды, өйткені ол өте сезімтал, сәл қозғалуға шыдас бермейтін. Осылайша, 1864 жылы әкесінің фабрикасында жұмысшылар нитроглицеринді тасымалдауға бекінген кезде жарылыс болып, алты адамның өмірін ажал құшады, оның ішінде Альфредтің ағасы – Эмиль Нобель де болатын. Жаңа өнертабыс Оқыс оқиғадан кейін жас Альфред жарылғыш затты қауіпсіз, мықты, сондай-ақ тасымалдауға жеңіл ету жолдары туралы ойлай бастайды. Химия саласында біраз білімін сынай отырып, зерттеулер жасауға талпынады. Бір күні нитроглицерин байқаусызда диатомит тау шөгіндісіне құйылып кетіп, нәтижесінде тасымалдауға жеңіл қоспа дайын болады. Бұл қоспа жарылу күші жағынан нитроглицериннен кем түспейді. Уақыт өте келе, қосымша бірнеше құралдарды пайдалана отырып, Альфред Нобель жарылғыш затты патенттейді, бастапқыда оған: «Нобельдің қауіпсіз дәрісі» атауын береді. Ал уақыт өте келе, Альфред оған жаңа атау ұсынады, ол грек тілінде күш мағынасын беретін «Динамит» болатын. Бұл зат тез арада танымал болып шыға келді және оны неше түрлі мақсатта пайдалануға болатын еді. Нобель өз өнертабысын белсенді түрде жарнамалай бастады. Жаңа жарылғыш құрал туралы көп алдында таныстырылым жасап, оның қалай жұмыс жасайтындығы жөнінде дәрістер де оқыды. Жойқын қару Аз ғана уақыт ішінде динамитті ойлап табу Альфредке зор табыс пен көп ақша әкелді. Алғашында динамитті өндіріс мақсатында шахталарды жаруда, жол салуда және ескі ғимараттарды талқандауда қолданды. Кейін оның күші мен шамасын біле отырып, әскери мақсатта да пайдалана бастады. Альфредтің пацифистік идеяны көрсеткенімен де, көп ақшаға деген қызығушылығы оның динамит және өзге де жарылғыш-қопарылғыш заттарды дайныдайтын тоқсанға жуық зауыт пен фабрикаларды ашуына түрткі болды. Жаман атақ 1888 жылы Каннда ем қабылдау кезінде Альфредтің үлкен ағасы Людвиг Нобель қайтыс болды. Сол кезде француз газеттерінің бірінде репортердің қателігі салдарынан Людвиг өлімі туралы мақала орнына – Альфред Нобельдың қайтыс болғандығы туралы мақала жазылып кетті. Тақырыбы мынадай болатын: «Саудагер өліммен өлді!». Ал мақалада автор Альфредті динамит секілді қопарғыш затты ойлап тапқаны үшін қатал сынға алды, өзгелердің өліміне себепкер ретінде атады. Автор Альфред Нобельдің қысқа ғана уақыт ішінде мыңдаған адамның өліміне әкеп соқтыратын жойқын қаруды ойлап тапқанына қынжылды. Өнертабыс иесіне «қан арқылы байыған миллионер», «өлімді сатушы», «динамит патшасы» деген атауларды таңды. Бұл ақпарат Альфред Нобельге қатты әсер етті, оны күйзелтті. Оның көңілінің түскені соншалық, өзі өлгеннен кейін артына мүлде басқа даңқ қалдыруды ойлады! Альфред өзін жойқын қаруды ойлап табушы емес, әлемнің бейбіт болуына өз өмірін сарп еткен адам ретінде тарихта қалғысы келді! Өсиетнама 1895 жылдың 27 қарашасында Париждің швед-норвегия орталығында Альфред ерекше өсиетнамаға қол қойды. Бұған сәйкес 31 миллион швед маркасы (қазіргі – шамамен $472 млн.) – яғни өз байлығының 94% – физика, химия, медицина, әдебиет, сондай-ақ әлемді бейбіт ету бағытындағы жетістіктерге жұмсалатын болды. Өсиетнама мәтіні мына үлгіде еді: «Мен, Альфред Бернхард Нобель, ойлана келе өз өсиетнамамды мирасқа қалдыруды шештім... Менің жинақтаған қорымды артымда қалғандар бағалы қағазға айналдырып, қор құрып, бір жыл көлеміндегі еңбегінің нәтижесінде адамзатқа анағұрлым пайдасы тигендерге пайыздық үлес ретінде беріп отырсын. Түскен пайыздық мөлшерлеме бес тең бөлікке бөлінсін: бірінші бөлігі – физика саласында маңызды өнертабыс ойлап тапқанға берілсін, екіншісі – химия саласында, үшіншісі – физиология мен медицина саласында, төртіншісі – адамның идеалдарын бейнелейтін әдеби туынды жазған адамға, бесіншісі – халықтың бірігуіне үлес қосқан, құлдықтың жойылуын мүмкін еткен, әлемде бейбітшіліктің орнауына еңбек сіңірген адамдарға берілсін... Менің негізгі қалауым бойынша премияның тағайындалуына үміткер ұлтының қатысы болмасын: мейлі ол скандинав болсын, басқа болсын, тек қана лайықты болса болғаны...» Осылайша әлемдегі ең мәртебелі марапат – Нобель сыйлығы пайда болды. Қазіргі таңда жыл сайынғы Нобель сыйлығының иегеріне Альфред Нобель бейнесі бедерленген алтын медаль мен баламасы 1,4 миллион долларға бағаланатын қаржылық сыйақы белгіленген! Руханилыққа ұмтылу Нобель сыйлығын тағайындамас бұрын миллион доллары болса да Альфред торығумен өмір сүрген екен. Ол ешқашан үйленбеген және оның жақын достары да болмаған. Жалғыз досы Париждегі протестант шіркеуінің дін қызметшісі Натан Седерблум болған. Замандастарының айтуы бойынша, Альфредтің қару жасаушыдан қайырымды адамға айналуына дін қызметшісі көп еңбек сіңірген. Седерблумды тыңдап, жиі шіркеуге келе жүріп, қайырымдылықпен айналысу арқылы Альфред өзінің эмоционалды жағдайын жақсартқан. Соңғы сөз Көптеген адамдарда Нобель сыйлығын иелену үшін 472 миллион доллар қаражат жоқ, алайда өзгеге жақсылық жасай жүріп олар артына өшпес із қалдырады. Джон Максвелл бірде айтқан екен: «Адам өмірінде ең маңызды екі күн бар: біреуі – оның дүние есігін ашқан күні, ал екіншісі – дүние есігін не үшін ашқанын білген күн». Дереккөз: reactor.info

Massaget.kz
08 сәуір 2018 ж. 1 445 0