Ольга Рыпакова Монакодағы IAAF Athletics Awards 2017 марапаттау рәсіміне қатысады
Үш қарғып секіруші Ольга Рыпакова Монакода өтетін 2017 жылдың үздік жеңіл атлеттерін марапаттау рәсіміне қатысуға ұшып кетті. Қазақстаннан салтанатты шараға Ольга Рыпакова ғана жеке шақырту алды. Халықаралық жеңіл атлетика федерациялар қауымдастығы жылдың үздіктерін марапаттайтын болады. Олимпиада чемпионы IAAF Athletics Awards 2017 марапаттау рәсіміне жұбайы, Шығыс Қазақстан облыстық жеңіл атлетика федерациясының президенті Денис Рыпаковпен бірге қонақ ретінде қатысады. Ал жылдың үздігі атануға үміткерлердің арасында 10 ер, 10 әйел спортшы бар.
Ақпарат көзі: vesti.kz