Аша Матайдың анасы туған күнінде күйеу баласы Арманмен дуэт айтты
Танымал тележүргізуші әрі актриса Аша Матайдың анасы күні кеше кезекті туған күнін атап өтті. Кезекті рет меншікті мерекесін тойлаған Бәтес Мақсатқызы дүркіретіп той жасады. Тойға қазақ шоу-бизнесінің танымалдары қатысты, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Аша Матайдың анасы Бәтес Мақсатқызы – продюсер Баян Алагөзованың туған әпкесі. Алайда екі сіңлісіне қарағанда, Бәтес ханым өнер әлемінен алшақ мамандықты таңдаған. Ол – заңгер. Алайда Мақсат Мұхитденовтың тұңғыш қызы да бала күнінен әнші болуды армандапты. Бұл туралы Баян Алагөзова айтып берді.“Қызық дуэт – ене мен күйеу бала. Менің үлкен әпкем әнші болуды армандаған, алайда мықты заңгер болды. Туған күніңмен”, – деп жазды ол желідегі парақшасында.
Иә, өздеріңіз түсінгендей, бұл күні Бәтес Байлы күйеу баласы Арман Қоңырбаевпен бірге ән шырқады.
stan.kz