Тележүргізуші Дана Нұржігіт ұлының қылықтары туралы айтып жұрттың жүрегін елжіретті
Танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт 7 жасар ұлы Әлімнің қылықтары туралы айтып, жұрттың жүрегін елжіретті, деп жазады Stan.kz.
Дана Нұржігіттің сөзінше, ұлы өзінің егізі болғанын қалайды екен. «Мама, сенде неге бір-ақ бала? Құдайға барып, тағы біреуін сұрашы, менің егізім болсын», – деп қойып қалды. Не дейсің, ал?Кір жуып, жастықтың тысын сыпырып алып, кір жуатын машинаға салғалы жатсам, әлгіге жабысып: «Мама, жумай-ақ қойшы!” дейді. «Неге?» – деп сұрадым. «Сенің иісің кетіп қалады…», – дейді», – деп жазды тележүргізуші Instagram желісіндегі парақшасында.
Өз кезегінде көпшілік тележүргізушінің ұлы өз жасы үшін өте ақылды екенін айтып, сүйсініп қалды.
«Сіздей айтулы анадан осындай ақылды бала дүниеге келеді», «Ұлыңыз өзіңізге ұқсаған зерек екен», «Анасының иісін қадірлеп жүрген есті бала айтулы азамат болсын», – деп жазды желі қолданушылары.
Stan.kz