Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » RUH.KZ ПОРТАЛЫ БӘЙГЕ ЖАРИЯЛАЙДЫ

RUH.KZ ПОРТАЛЫ БӘЙГЕ ЖАРИЯЛАЙДЫ


Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Туған жер» арнайы жобасы аясында биыл «Республикалық өлкетану акциясы» өткен болатын. Аталған шара аясында еліміздің болашағы саналатын мектеп оқушыларының өзге облыстарға саяхаты ұйымдастырылып, жеріміздің қасиетті орындарының тарихы таныстырылып, насихатталды.Осы ретте Ruh.kz порталы қасиетті жерлерді аралап, жазғы демалыс уақытын білімін нығайтуға жұмсаған жастар арасында конкурс жарияламақ. «Менің Қасиетті Қазақстаным!» деген атпен жарияланатын бәйге «Туған жер» арнайы жобасы аясында ұлт тарихының куәсіне айналған қасиетті орындарға саяхаттаған балаларға әсерін эссе түрінде жеткізуге мүмкіндік береді.
«Туған жер» арнайы жобасы аясында ұйымдастырылған «Республикалық өлкетану акциясы» – ұлт тарихындағы ұлы бастама кезеңінде жүзеге асқан айтулы шара. Аталған арнайы жоба аясында жас ұрпаққа ұлт тарихымен терең сусындауға, тарихи мекендерді көзбен көріп, бабалар ізі қалған мекендерге табан тигізуге мүмкіндік ашты.
Байқаудың мақсаты балалардың білімін нығайту және «Туған жер» арнайы жобасы аясында саяхаттаған оқушылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Сондай-ақ, саяхатқа барған мектеп оқушыларының әсерімен бөлісуіне мүмкіндік беру және алдағы уақытта аталған шараға қатысатын оқушылардың қызығушылығын ояту.
Алдағы уақытта байқаудың шарттары мен толық ақпарат Ruh.kz порталында жарияланатын болады. Ендеше, портал ақпараттарын назарда ұстаңыздар!


https://syr-media.kz/
06 қыркүйек 2018 ж. 1 097 0