Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АУДАН ТАРИХЫНА ҚАНЫҚҚАН ҰРПАҚ

АУДАН ТАРИХЫНА ҚАНЫҚҚАН ҰРПАҚ


Осыдан біршама уақыт бұрын елге еселі еңбегі сіңген, ұзақ жылдар бойы ауыл шаруашылығы саласында аянбай еңбек еткен, Шиелі ауданының «Құрметті азаматы», аудандық экология басқармасының басшысы болған, бүгінгі таңда бейнеттің зейнетін көріп отырған Жамалхан Баетов аудандағы «Тарихи-өлкетану музейіне» Қоршаған ортаны қорғау мемлекеттік инспекторы киім үлгісі мен біршама сурет, құжаттарын табыстаған болатын. 
Қандай да бір шешім қабылдамас бұрын ойға салып, қабырғасымен кеңесетін қария ауданның экологиясын сақтауда сүбелі үлес қосқан азаматтардың бірегейі деуге лайықты жан. Елбасының әрбір Жолдауына мән беріп, жүзеге асуына белсенді атсалысатын ардагер отбасымен немерелерін ертіп, аудандық тарихи-өлкетану музейін аралап, рухани қазынамызбен жас ұрпақты таныстырды. Ауданның тарихынан сыр шертетін жәдігерлерді көзбен көріп, өткен ғасырларға шолу жасады. Әрбір жәдігердің астарында тұнып жатқан сан мыңдаған жылдардың көрінісін көзінің қарашығындай сақтайтын музей қызметкерлерінің еңбегін ескерген қонақтар ыстық лебіздерін білдіруді де ұмытпады.
«Мемлкекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында ескіріп елеусіз қалған құндылықтарымыз қайта жанданып, жаңғыруда. Өскелең ұрпақтың өткен күндерден қалған ізді көріп, болашаққа бағдар жасай білуі үшін тарихын тереңнен тани білгені абзал» – дейді, Ж.Баетов. Иә, туған жердің тау-тасын, қасиетті жерлері мен еңбегі сіңген тұлғаларын танып-білгісі келетін кез-келген адамға аудандық тарихи-өлкетану музейінің есігі әрдайым ашық.

Гүлнәр
ӘБДІХАНИҚЫЗЫ.
22 тамыз 2018 ж. 1 364 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930