ІЗГІЛІКТІҢ ИЕСІ
«Базардан қайтып бара жатқан» қарттарды, ауру боп туған баланы, тіпті, пана іздеген жұртты сыртқа теппеген қазақ үшін әлеуметтік қызметкер деген маман алғашқыда таңсық болғаны рас. Мойындауымыз керек, бүгінде мұндай қызметкерлердің көмегіне елімізде мыңдаған мүгедек, зейнеткер, жалғызбасты қарт зәру болып отыр.
Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің мәліметінше, қазір 59 әлеуметтік қызметкер бар. Олардың 27-сі жалғызбасты қарттарға қызмет көрсететін болса, 32-сі мүгедек балалармен жұмыс жасайды. Ал, аудандағы 124 қарт осы қызметкерлердің көмегіне мұқтаж.
Анықтама бойынша, әлеуметтік қызметкер – жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге үйде әлеуметтік қызмет көрсететін маман. Біздің кейіпкеріміз Райхан Ағыбаева – бұл қызметпен он үш жыл бұрын танысқан. Содан бері кенттегі жалғызбасты қарттарға, зейнеткерлерге қамқорлық жасайды. Бүгінде Райхан ата-әжелердің көзі мен қолына айналған. Тек үй тіршілігіне ғана емес, сондай-ақ, ол өзінің қамқорлығындағы үлкен кісілерге моральдық-психологиялық жағынан да көмек көрсетеді. Себебі, олардың дені – барға қанағатшыл, жоққа жабықпайтын төзімді, ой-пікірін әдемі сөздермен татымды тұздықтап, майын тамыза айтатын әңгімешіл. Бірақ, араларында бала құсап бұртиып, сәл нәрсеге өкпелеп қалатындары да бар. Қарттардың бірі жастық шағын сағынып, өткенді қозғап отырса, бірі ел саясатына өз пікірін білдіреді, тағы бірі бауырына ренжіген тұстарын әңгімелейтін көрінеді. Сондай сәтте Райхан қамқорлығындағы ата-әжелердің әңгімелерін тыңдап, қажет тұста қолдап, пікірлесіп отыратынын да жасырмайды.
– Қарттарға қамқорлық көрсетіп, көмектесудің өзі – үлкен ізгілікті іс. Олар да балалар сияқты күтімді қажет етеді. «Жақсы сөз – жарым ырыс» демей ме? Ең әуелі оң қабақ танытып, жылы сөйлессең, соған мәз болады. бұл кісілердің көбіне біраз жылдан бері қараймын. Қарт кісінің көңілін табу оңай емес. Бірақ, жұмысым өзіме ұнайды, – дейді Р.Тұяқбайқызы.
Ол қамқорлығындағы әр адамға аптасына екі рет барады. Ерлі-зайыпты Галина мен Владимир Рухлиндер кенттегі әлеуметтік қызметкерлердің көмегіне мұқтаж жандардың бірі. Қыздарының бірі – Ташкентке, екіншісі – Ресейге тұрмысқа шығып кеткен соң екі қарт бір-біріне демеу болып отыр. Галина Федеровна №252 Г.Ковтунов атындағы мектепте 45 жыл бойы ұстаз болып еңбек еткен.
– Үйімізді жинастыруға Райхан қызымыз көмектеседі. Шаңды сүртіп, кілемді қағып, ыдысымызды, кірімізді жуып беріп кетеді. Ол келгенде шүйіркелесіп, мәз болып қаламыз. Қажет болса, дәрі-дәрмектеріміз бен азық-түлігімізді, газет-журналдарды, зейнетақымызды әкеп береді. Арасында мәдени шараларға апарып тұрады. Емханаға бірге барып, керек кезде жедел жәрдемді де шақырады, – дейді Галина Рухлин.
Райхан бұл кісілерден басқа 4 қартқа көмек көрсетеді. Оның біреуі қазақ болса, қалғандары орыс ұлтының өкілдері. Сондай-ақ, қызметкер қамқорлығындағы адамды ауруханаға түскен жағдайда, барып тұру, коммуналдық төлемдерді төлеу, тіпті тамақ пісіруге көмектесу, аяқ киімдерді жөндеу шеберханасына өткізу, құжаттарды алмастыруға көмектесу секілді шаруаларды атқаруға міндетті.
Райхан Тұяқбайқызы қамқорлығындағы әр қартқа қатысты күнделік жүргізеді екен. Күнделікте қашан барғаны, ол күні не істегені, не сатып алғаны жазылыпты. Айтпақшы, әлеуметтік қызметкерге аталар мен әжелер егер өздері кенеттен қайтыс болып кеткен жағдайда кімге хабарласу керектігін, тіпті пәтерлерін кімге қалдыратындарын ерекше тапсырыпты. Күнделікте әр қарттың тұсында сенімді бауырларының аты-жөндері, байланыс телефондары, мекенжайлары жазулы тұр. Біразының туыстары, бауырлары алыста тұрады екен.
Мейлінше, қарттардың жағдайына алаңдап, жанашыр болып, қамқорлық танытып жүрген әлеуметтік қызметкерлер зор жауапкершілікті жүктейтін жұмыстары үшін алатын айлығы көп емес. Бірақ, кейіпкеріміз айлықтың аздығына емес, қарттармен шүйіркелесіп, оларға көмектесіп, қызмет көрсетуге аса мән береді.
Кез келген адам бірден кәсіби маман болып кетпейді. Ол оның қызметінің барысында дамып, бойына сіңіріледі. Райхан Тұяқбайқызы әлеуметтік қызметкері болып туғандай. Әңгімесінен де, қызметінен де оның табиғатынан жоқ-жітікке жанашыр, қажығандарды демегіш, жолдас-жораға қамқор екені аңғарылып тұрды.
Гүлхан ЯХИЯ.