Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы 

Әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы 

Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» – Ұлт Жоспарының 80-ші қадамында айтылғандай, еліміздің денсаулық сақтау саласының қызметі Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі негізінде іске асырылатын болады.
«Міндетті әлеуметтік меди­ци­­налық сақтандыру жүйесі» ту­ра­лы заң 2015 жылдың 16 қара­ша­сында қабылданды. Осы Заң аясында «Әлеуметтік меди­циналық сақтандыру қоры» КЕАҚ құрылды. 2017 жылдың маусым айында аталған қордың филиалдары еліміздің әрбір облыстарында ресми түрде ашылды. Шілде айынан бастап жұмыс берушілер мен кәсіпкерлер жә­не азаматтық құқықтық шарт арқылы жұмыс атқаратындардан ауда­рымдар мен жарналар тұрақ­ты аударылып келеді.
Қазіргі таңда «МӘМС» заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Осыған сәйкес әлеуметтік медициналық сақ­тандыру қорына төленетін жарналар мен аударымдар 5 түрлі форматпен жүргізіледі. Олар: әлеуметтік қорғал­маған азаматтарға мемлекеттің жарнасы; жұмыс берушінің әрбір жұмысшыға аударатын аударымдары; жұмыскерлер жарналары; жеке кәсіпкерлер жарналары (1,4 ЕТЖКдан) және белсенді емес тұрғындар (1 ЕТЖКдан).
2017 жылдың шілде мен жел­тоқсан айларында жұмыс берушілер жұмыскерлеріне ай­лық табысының 1% көлемінде өз пайдасынан төледі, ал жеке кә­сіпкерлер сол жылғы ең тө­мен­гі айлық жалақының 2 есе­леген мөлшерінің 5%-і көле­мінде және азаматтық құ­қықтық келісім-шарт негізінде жұмыс атқаратындарға айлық табы­сының 5%-і көлемінде жарна мен аударымдар аударып отырды. Әлеуметтік қорғалмаған аза­маттарға мемлекет жарнаны 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап өткен екі жылды қоса алғандағы орта айлық жала­қы­ның 1,4% көлемінде 13 санат бойын­ша ай сайын аударып отырады. Аударылған аударымдар мен жарналар Ұлттық банкте сақ­талады және Қордың ресми сайтында ашық көрсетілім табады.
2018-2020 жылдарға белгіленген МӘМС жарналары мен аударымдарының мөлшері жұмыс берушілер (оның ішінде ЖК мен ШҚ иелері өз жұмыскерлері үшін жұмыс беруші ретінде) 2018-2019 жылдары – 1,5%, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бас­тап – 2%, жеке тұлғалар 2018-2019 жылдар төлемейді де, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЖК (өзі үшін) 1,4 еселенген ең төменгі жалақыдан – 5%, АҚК негізінде еңбек ететін тұлғалар 2020 жылы айлық табысынан – 1%, 2021 жылдан бастап – 2%, өзге санаттар ең төменгі жалақыдан – 5%. Мемлекет 2020 жылы жеңілдігі бар санаттар үшін мемлекеттік статистика органы тарапынан өткен 2 жылға бекітілген орташа айлық жалақының 1,4% көлемінде жарна аударады, жұмыс беруші жалдамалы жұмыскерлердің табысынан алынатын жарнаны ұстап қорға аударып отырады (2020ж – 1%, 2021ж – 2%).
Ал, «Әлеуметтік меди­циналық сақтандыру қоры» КЕАҚ тарапына келетін болсақ, оның негізгі міндеті медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу және оларға ақы төлеуді жүзеге асыру және азаматтарды сақтандыру үшін аударылатын аударымдар мен жарналарды жинақтау болып табылады. Жинақталған аударымдар 2020 жылы енгізілетін сақтандыру пакеттеріне кеткен шығындарды өтеуге жұмсалады.
Облыс бойынша айтар болсақ, Қор 2018 жылы филиал 67 медицицналық мекемемен 38 917,7 млн. тг.теңгеге келісім-шартқа отырды. (30-мемлекеттік, 37-жеке клиникалар) Жеке клиникалардың саны жылдан жылға артуда.
 Ал, Қордың дерекқорына қазіргі таңда 92 ме­дициналық ұйым тіркелді, оның 62 – жеке клиника, 30 – мемлекеттік. 2019 жылға 74медициналық ұйыммен 41 757 640,8 мың теңгеге 99 келісім шарт жасалды. Мұндағы, 30 (41%) мемлекеттік МҰ 49 (49,5%) келісім-шарт жасалса, бюджеті – 37 798 127,4 мың теңге (90,5%), жеке нысандағы 44 (59%) МҰ 50 (50,5%) келісім-шарт жасалды, бюджеті – 3 959 513,4 мың теңге (9,5%). Биылғы 2019 жылы мемлекеттік тапсырыс орналастырылған медициналық ұйымдар саны 2018 жылмен салыстырғанда 7 мекемеге немесе 16%-ға өсті, олардың барлығы жеке меншік нысанындағы субъектілер.
Айта кету керек, қазіргі кезде арнайы Денсаулық сақтау кодексінде және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру заңдарына өзгерістер мен толықтырулар жасау жағдайлары қаралды. Сол себептен МӘМС жүйесінің толық жұмыс жасауына кедергі келтірген белсенді емес тұрғындар жыл соңына дейін нақтылануға қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Осы уақытта тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі пакеті және Медициналық сақтандырудың медициналық пакеттерін нақты бекітілді. Сол пакеттер арқылы барша азаматтар медициналық қызмет алатын болады.
Атап айтқанда:
ТМККК жаңа үлгісіндегі медициналық пакетіне:
Барша азаматтарға
Жедел әрдем және санитарлық авиация,
Бастапқы медициналық-санитарлық көмек
Шұғыл жағдайларда стационарды алмастыратын және стационарлық көмек
Паллиативті көмек

Әлеуметтік маңызы бар аурулар, негізгі созылмалы аурулар кезінде
  1. Консультативті-диагностикалық қызмет
  2. Амбулаторлық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету
  3. Жоспарлы стационарлық және стационарды алмастыратын көмек
  4. Туберкулезге шалдыққандарды медициналық оңалту
МӘМС (сақтандырылғандарға арналған) жаңа үлгісіндегі медициналық пакетіне:
Консультативтік-диагностикалық көмек:
Ересектерді профилактикалық тексеруден өткізу
Балаларды мамандандырылған деңгейде тексеру
Бағасы қымбат зертханалық қызметтер: гормондар, дәрумендер, онкомаркерлер, антиденелер, ПЦР
Бағасы қымбат диагностикалық қызметтер: КТ, МРТ т.б.
ТМККК пакетіне кірмейтін аурулар бойынша амбулаторлық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету
ТМККК пакетіне кірмейтін аурулар бойынша стационарды алмастыратын көмек көрсету
ТМККК пакетіне кірмейтін аурулар бойынша жоспарлы стационарлық көмек көрсету
Балалар мен ересектерді: кардиология, кардиохирургия, неврология, нейрохирургия, травматология, ортопедия салалары бойынша медициналық оңалту
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалдың бас сарапшысы Абылайхан Мейірман
19 ақпан 2019 ж. 874 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (9193)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (9192)

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930