Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлеуметтік әлеуетіміз артып келеді

Әлеуметтік әлеуетіміз артып келеді


Елбасының халыққа жолдауын аса жауапкершілікпен қабылдап, оны өз тарапымыздан жүзеге асыруға тырысып келеміз. «Адам еңбекқор болып, өз кәсібін жақсы меңгергенде және лайықты жалақы алуға немесе жеке кәсіп ашып, оны дамытуға мүмкіндік болған кезде табыс артады», — деді Нұрсұлтан Назарбаев жолдауында. Мемлекетке қолдау болып, көмек көрсетіп келе жатқан жеке кәсіпкерлер өте көп. Олар өздері қалаған жұмыспен айналысып, жұмыс орындарын құрып, қаншама адамның екі қолына бір күрек ұстатып әрі елді немесе белгілі бір өңірді өз өнімімен, қызметімен қамтамасыз етіп жүр.
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры бүгінде шағын және орта бизнеспен айналысып жүрген кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп келеді. Осы Даму қоры арқылы 10 млн. теңге алып, спорт кешенін салдым. Бүгінде спорт кешенінде 300-ге жуық бала спортпен айналысып жүр. Таэквондо, күрес, бокс, тоғызқұмалақ ойындарымен күнделікті жаттығулар өткізіп, салауатты өмір салтын ұстап келеді. Жаттығып жүрген мектеп оқушылары облыстан орындар алып, сайыстарда бақ сынауда. Кешкі 7-ге дейін мектеп оқушылары келсе, кешкісін ауыл тұрғындары келіп, спортпен айналысып, бұқаралық спортты дамытуға атсалысып отырмыз.
Бизнесті сәтті жүргізу үшін күнделікті тынбай еңбектену қажет, сонымен қатар, үнемі ізденіс үстінде жүріп білім алып, кәсіби деңгейін арттыруға ұмтылмаса барлығы бекер болады. Алғаш кәсіпкерлікке келгенде күніне 1500 теңге тапсам деген ниетпен келген болатынмын. Үнемі «Адамды көркейтетін-еңбек» дегенді алға тартып, жүрген жерімде айтып жүремін. Сондықтан аянбай еңбек етіп келемін. Тұрмысымда берекелі. Мемлекеттің қолдауымен бүгінде осындай жетістікке жетіп отырмын. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында оның құралдарын нығайта отырып, халықтың осы санаттарын кеңінен тарту қажет деп Елбасы елдің алдына үлкен мақсат қойған болатын. Бұл мақсатта орындалып, ел игілігін көріп, шарапатын алып отыр.

Ерболат Жылқайдарұлы,
жас кәсіпкер.
19 ақпан 2019 ж. 830 0