Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Кәсіпкерлердің көкейіндегісін дөп басты

Кәсіпкерлердің көкейіндегісін дөп басты


Елбасы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы көңілімізді бір марқайтып тастады. Келер жылдың жоспары нақты бекітіліп берілген Жолдау болды. Өйткені, халықтың тұрмысын көтеріп, әл-ауқатын, материалдық жағын жақсартуға арналған жобалар елдің де экономикасына тың серпін береді. Ал, елдің экономикасы өзім секілді жеке кәсіпкер үшін аса маңызды. Қазақстан Президенті кезекті Жолдауында бизнесті дамытудың маңыздылығын сөз басында айтып өтті. Дүниежүзілік банктің бизнес жүргізу жеңілдігі рейтингінде Қазақстан 190 елдің ішінде отыз алтыншы орынға көтерілгенін де сүйіншілеп айтты. Бизнесті дамыту, кәсіпкерлерге қамқорлық көрсету – әлемдік аренаға еркін шығудың бірден бір жолы екені бесенеден белгілі.
Иә, әркез Елбасының халыққа Жолдауын аса жауапкершілікпен қабылдап, оны өз тарапымыздан жүзеге асыруға тырысып келеміз. «Адам еңбекқор болып, өз кәсібін жақсы меңгергенде және лайықты жалақы алуға немесе жеке кәсіп ашып, оны дамытуға мүмкіндік болған кезде табыс артады», – деді Нұрсұлтан Назарбаев Жолдауында. Мемлекетке қолдау болып, көмек көрсетіп келе жатқан жеке кәсіпкерлер өте көп. Олар өздері қалаған жұмыспен айналысып, жұмыс орындарын ашып, қаншама адамға екі қолға бір күрек ұстатып белгілі бір өңірді өз өнімімен, қызметімен қамтамасыз етіп жүр.
«Бизнесте өз жұмысын жаңадан бастау үшін 2019 жылдың ­­­1 қаң­­­­­­­­­­тар­­­ынан бастап салықтың негізгі сомасы төленген жағдайда өсім мен айыппұлды алып тастай отырып, шағын және орта бизнес үшін «салық амнистиясын» жүргізуге кірісуді тапсырамын» деген Елбасы сөзі қанат бітірді.

Мұхтар ТҰРҒАНОВ,
кәсіпкер.
13 қараша 2018 ж. 909 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930