Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Еліміздің үш облысында ескерту жарияланды

Еліміздің үш облысында ескерту жарияланды


Синоптиктер қолайсыз ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жариялады. «Қазгидрометтің» болжамы бойынша еліміздің үш облысында қатты аяз болып, бұрқасын соғады.
8 ақпанда түнде Ақмола облысында 35-40 градус қатты аяз сақталады. Күндіз кей жерлерде жаяу бұрқасын, оңтүстік-шығыс, оңтүстіктен соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Ертең Астана қаласында түнде 35-37 градус қатты аяз сақталады. 8 ақпанда Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Таңертең және күндіз оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Қостанай қаласында күндіз 8 ақпанда жаяу бұрқасын, оңтүстіктен соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Түнде 8 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты аяз 40 градус сақталады. Күндіз кей жерлерде бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20, кей жерлерде 25 м/с күтіледі. 8 ақпанда Петропавл қаласында күндіз бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстаң соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі. 8-10 ақпанда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі. 9-10 ақпанда кей жерлерде көктайғақ, оңтүстік-шығыс, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с болады.

www.24.kz
07 ақпан 2019 ж. 1 059 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№42 (9409).

06 маусым 2026 ж.

№41 (9408).

02 маусым 2026 ж.

№40 (9407).

30 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930