Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Синоптиктердің 21 желтоқсан күнгі ауа райы болжамы

Синоптиктердің 21 желтоқсан күнгі ауа райы болжамы

21 желтоқсан күні Қазақстанның басым аумағында ауа райына антициклон слемі ықпал ететін болады. Осыған байланысты жауын-шашынсыз, аязды күн райы күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, күшті жел болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Таңертең және күндіз 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады, екпіні 23 м/с күшейеді.Түркістан облысының жекелеген жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болады, желдің күші 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман болжанады. Таңертең және күндіз жел 15-20 м/с артады.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысында тұман, көктайғақ болады, күндіз Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, желдің екпіні 15-20 м/с артады.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, түнде жаяу бұрқасын күтіледі.
Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман болады.
21 желтоқсан 2018 ж. 1 248 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930