Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұма күні батыс, солтүстік және орталық өңірлерде боран соғады

Жұма күні батыс, солтүстік және орталық өңірлерде боран соғады

25 қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, ағындардың өтуіне байланысты қар жауады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Синоптиктердің болжауынша, жұма күні еліміздің кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі.Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, жаяу бұрқасын соғады, желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, жел 17-22 м/с болады.
Түнде Павлодар, Қарағанды облстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады, тұман түсуі ықтимал, желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Күндіз Қостанай облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, күндіз жел 15-20 м/с жетеді.
Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, түнде желдің күші 15-20 м/с болады.
Алматы, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.
Түркістан облысының кей жерлерінде тұман болады.
25 қаңтар 2019 ж. 3 094 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№29 (9396)

21 сәуір 2026 ж.

№28 (9395)

18 сәуір 2026 ж.

№27 (9394)

14 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930