Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Семейде мектеп оқушысы жиһаз шығаратын кәсіпорын ашып алды

Семейде мектеп оқушысы жиһаз шығаратын кәсіпорын ашып алды



Семейде 11-сынып оқушысы жиһаз шығаратын кәсіпорын ашып, кәсіпкер атанды, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Семейде Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті қаладағы оқушылар арасында кәсіпкерлікті насихаттау үшін, жыл сайын «Startup Battle»  байқауын өткізеді.  №30 жалпы білім беретін орта  мектептің 11-сынып оқушысы Надир Сабитов байқау грантын жеңіп алып, қаңқасыз  жиһаз жасаудан өз кәсібін ашып алды.
«Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің бизнес-инкубаторына қарасты «Fox» орталығының  тренингтеріне қатысу кезінде алған маркетинг, сату және дизайн туралы білімдер мені Семей нарығын жаулап алуға көмектесті, қазіргі таңда біз ресурстарды өзімізге тартып, кәсіпорынды дамыту үшін инвестициялық модель жасау үстіндеміз», – дейді оқушы.
Оның цехында шығарылатын пуфа-қаптарға деген сұраныс жоғары. Қазір жас кәсіпкердің қарамағында үш адам бар: екі тігінші және ассистент.
Надирдің айтуынша, көп ұзамай Өскемен мен Павлодар тұрғындары оның өнімдерін сатып ала алады. Содан кейін жас кәсіпкер Қазақстан нарығын  бағындырып, ТМД елдеріне шығуды жоспарлап отыр.
Stan.kz
06 ақпан 2019 ж. 1 041 0