Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі

Маса

ғыЛыМ МЕн ТЕхноЛогИяның дАМығАн зАМАнындА ТАБИғАТТың БүгІнгЕ дЕЙІн ТыЛСыМ БоЛып кЕЛгЕн құпИяЛАры АшыЛып, әЛЕуМЕТТІк ЖЕЛІЛЕрдЕн ЖАрИя ЕТІЛудЕ. БІрАқ, ЖЕТІЛгЕн дЕгЕн ТЕхноЛогИяМЕн зЕрТТЕЛІп, шЕшІМІн ТАпқАн дүнИЕЛЕр оСыдАн 14 ғАСыр Бұрын ЖАзыЛғАн құрАндА кЕздЕСкЕнІ кІМдІ БоЛСА дА ТАң қАЛдырАТыны Анық. СоЛАрдың БІрІн БүгІн нАзАрЛАрыңА ұСынБАқшыМыз.
И ә , а қ и қ а т ы н д а А л л а т а ғ а л а жаратқандарын ешбір кемшіліксіз еткен. Әр дүниенің өзіндік ерекшелігі, ешнәрсеге ұқсамайтын өзіне тән қасиеті бар. Бүгінгі мақаламызда күн жылыса ызыңдап, шағып, мазаңды алатын масаға тоқталмақшымыз. Бұған дейін де қасиетті құраннан қате табамыз деп, ислам дінін қабылдағандарды естіп жүрміз. Ол туралы келесі мақаламызда толығырақ айтатын боламыз. Бақара сүресінің жиырма алтыншы аятында «Расында Алла шіркейді, одан да зорғыны мысал келтіруден ұялмайды. Ал, мүміндер оның Раббыларынан нақ хақиқат екендігін біледі. Ал, енді қарсы болғандар: «Алла, бұл мысал менен нені қалайды?» – дейді. Алла, ол мысалменен көптегенді адастырып, әрі онымен көптегенді оңғарады (Мысалдарға қарсы келіп адасқандар да, шындық та болады негізінде). Ол тапқандар бұзықтарды ғана адастырады» делінеді. Осы аятты негізге алып, масаны бақылауға алған
ғалымдардың зерттеу қорытындысымен бөліспекшіміз.
Қарапайым көзге жай жәндік болып көрінген масаны заманауи құралдармен з е р т т е г е н ғ а л ы м д а р д ә л д і к п е н , шеберлікпен жаратылғандығына көздерін жеткізді. Құранда айтылған масаның с а л м а ғ ы 1 граммның м ы ң н а н б і р і ғ а н а . Ж е л д е н ж е ң і л жәндікті электронды микраскоппен 400 есе ұлғайтып зерттеу барысында зерттеушілер аса құдіретілікпен жасалған жүйені анықтайды. Масаның 100 көзі, 48 тісі бар. Ал, кеудесіндегі үш жүректің екеуі қос қанатына арналып, жүректердің әрқайсысына екі қалпақша мен екі асқазан жалғасқан. Сондай-ақ, масада құстарда да кездеспейтін қасиет бар. Масаның жүз көзі болғанымен,
айналасындағыларды жылу сезгіш жүйесі арқылы тани алады. Мұнан басқа масаның тағы бір ерекшелігі қан талдағыш ағзасының бар болуы. Егер, шаққан жанның қаны ұнамаған жағдайда оған қайта жоламайды, керісінше ұнаса, оны қайта-қайта шаға беретінін ғалымдар зерттеп білген. Мұнымен қоса, оның сорған қанын сұйылтатын қасиеті тағы бар. Тұмсығының өзі 6 бөліктен құралған. Оның төртеуі тіліп түсетін пышақтары болса, қалған екеуі құрала келіп түтік түзеді. Міне, Алла тағала мысалға келтірген маса туралы дерек осындай.

әзірлеген Е.БАЛТАБАЙұЛы
20 қаңтар 2019 ж. 1 256 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9258)

26 қараша 2024 ж.

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930