Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ӘЛЕУМЕТТІК САУАЛДАРҒА НАҚТЫ ЖАУАП

ӘЛЕУМЕТТІК САУАЛДАРҒА НАҚТЫ ЖАУАП

Тәуелсіздікке қол жеткізген уақыт ішінде ауқымды экономикалық, саяси және әлеуметтік
реформалар жүзеге асырылды. Елбасы халықты орасан зор істерге жұмылдырды, қоғамдағы
татулық пен келісімді нығайту ісінде әлем тәлім аларлық саясат ұстанды. Еліміздің сыртқы саяси бағытын дәл нұсқап, мемлекеттің шекарасын айқындады, төрткүл дүниеге тең терезелі ел
ретінде мойындатты. Биылғы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан
халқына арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында қоғамның барлық саласын қамтыды. Білім беру мекемелері жанынан
«Сарбаз» әскери-патриоттық тәрбие беретін орталықтар, курстар ашу жөніндегі тапсырмалар
берілді. Бұл өз кезегінде өскелең ұрпақтың әскери қызметке деген қызығушылығын арттырып
қана қоймай, елі мен жерінің шын қорғаны болу жолындағы талпынысты айқындайды. Жалпы
тәуелсіздігіне отыз жылға жуық уақыт болған ел егемендігінің тарихына үңілсек, мемлекетіміздің
алуан бағыттағы тыныс-тіршілігінің дамуы Елбасының халыққа арнаған Жолдауларының жемісі.
Біздің алдымызда жаңа биіктерді бағындыру міндеті тұр. Жаңа, қиын, күрделі міндеттер.
Әлем өзгеріп барады. Осындай кезде Елбасы Қазақстанның экономикасын халықтың әлауқатын жаңа сатыға көтеру үшін нақты ұсыныстарды енгізіп отыр. Атап айтқанда, тұрмысы
төмен адамдардың әл-ауқатын арттыру жөнінде ең төменгі жалақыны 1,5 есеге өсіру, бюджет мекемелері қызметкерлерінің жалақысын 35 пайызға өсіру сияқты нақты қадамдар жасалды. Жолдаудан кейін
мұғалімдердің мәртебесі артып, ел алдында құрметі еселене түседі. Бір кездері біз рақмет айтқанда, ырза болғанда, бата
бергенде «молда бол, балам» деп айтатын ел едік. Ол заманда молда болу – мұғалім болу деген сөз. Бүкіл қазақтың сауатын ашқан – молдалар. Өкінішке қарай, объективті және субъективті пікірлерге байланысты мұғалімдердің мәртебесі
төмендеді. Ауылдық жерде қолбалаға айналып, кез келген шаруаға алдымен мұғалімді жегетін жағдай қалыптасты. Енді
педагог мәртебесі туралы заң қабылдағаннан кейін бұл мәселеде нақты өзгерістер болатынына сенеміз.
Осыған дейін біз Жолдау жылдың басында, кейде тіпті наурыз айына берілетініне үйренгенбіз. Жыл ішінде атқарылатын
жұмысты наурыздан бастау немесе тапсырмаларды қаңтарда алу тиімді емес. Міне, қазір қазан айының басында айтылып, межелер белгіленді. Арнаулы заңдар қажет болса, қазан, қараша, желтоқсан айларында ол заңдарды қабылдай
аламыз. Бюджетке де өзгеріс енгізе аламыз. Бұл өте ыңғайлы.

Ақнұр БАЙТІЛЕС, мұғалім

19 қаңтар 2019 ж. 671 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№38 (9202)

14 мамыр 2024 ж.

№37 (9201)

10 мамыр 2024 ж.

№36 (9200)

06 мамыр 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031