Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 10 қаңтардағы ауа райы болжамы

10 қаңтардағы ауа райы болжамы

Қаңтардың 10-ы күні Қазақстанның басым аумағында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Массагет порталы «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сүйене отырып.  Қазақстанның басым аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде жауын-шашын жауады, тек республиканың батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша кей жерлерде көктайғақ, тұман, бұрқасын күтіледі және жел күшейеді.  Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с, Жалаңашкөл ауданында 20-25 м/с күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, таңертең және күндіз жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді Жамбыл, Маңгыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болады, жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.

Massaget.kz
10 қаңтар 2019 ж. 692 0

Қоғам

ШАРАПАТЫ МОЛ ШАРА
04 мамыр 2024 ж. 32

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (9197)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031