Отбасылық құндылықтар ұлықталды
Адам барлық жақсы мен жаманды отбасындағы тәлім-тәрбие арқылы бойына сіңіреді. Себебі, отбасы жеке тұлғаны қалыптастырудың маңызды орны. Бүгінгі қоғамда бір-бірінің қадіріне жете алмай, сыйластығы мен өзара құрметі солғындап, қиын-қыстау күн кешіп жүрген ерлі-зайыптылар аз емес.
Егер статистиканы сөйлетер болсақ, елімізде жаңадан шаңырақ құрғандардың үштен бірі жылға жетпей ажырасады екен. Адамның Алла алдындағы ең жағымсыз әрекеті болып табылған бұл дерттің өзіндік себептері де бар көрінеді. Мінез-құлық, материалдық жағдай, жұмыс, мансап, баспана, перзент сүйе алмау, маскүнемдік, құмарлық, өзара сенімсіздік, т.б. себептер. Күйеуінің өз әйелін жөн-жосықсыз ұрып-соғып, орынсыз тоқпақтай беруі уақыт өте әйелдің ажырасуға ниет білдіруіне себеп болары анық. Отбасын құрған ер мен әйелдің бірі өз бақытын сырттан, көшеден, өзге адамнан іздейтін жағдайлары бүгінде белең алуда. Мұның барлығы әрине, отбасындағы өсіріп отырған ұл-қыздың тәрбиесіне әсер етері анық. Қазақ қоғамында ата-ана қызын жастайынан ибалы келін болуға тәрбиелесе, ұлды шаңырақ иесі деп білген. Әйел адам күйеуіне көмекші және отбасының ұйытқысы болуы керек. Еркек пен әйел бір-бірін сыйласа, отбасындағы өз орнын білсе, ажырасу азаяр ма еді. Сондықтан да, әр шаңырақта келер ұрпаққа саналы тәрбие беріп, ел азаматы, иманды да ибалы қыз балаларды тәрбиелеуге көңіл бөлгеніміз жөн.
Міне, осы мазмұндағы «Дүниенің тұтқасы – ерде, кілті – әйелде, сыры – данада, қызығы – балада» тақырыбын арқау еткен дөңгелек үстел аудан әкімдігінде ұйымдастырылған болатын. Шараға аудан әкімінің орынбасары Б.Жаниязов, «Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары П.Маханбет және жас отбасылар мен жастар қатысты. Ал, салтанатты кездесудің қонақтары өнегелі, жастарға айтары бар алтын босағалы шаңырақ иелері болды. Атап айтқанда, білім саласының ардагері Сәулебай Аймаханов, ауыл шаруашылығы саласында маңдай терін сарп еткен Жамалхан Баетов және су шаруашылығы саласының ардагері Жүзен Қоңқаев есімді ісі мен өмір жолдары үлгі етерлік азаматтар.
Іс-шара барысында көпшілік қауым отбасы тақырыбында әңгіме қозғап, ойландырып жүрген тақырыптарды көтеріп, пікір-тілектерін білдірді. Шаңырақ шаттығы мен отбасы берекесінің қуанышы қандай, қиындық неден туындайды деген мәселелер төңірегінде қызу әңгіме өрбіп, жастарға отбасындағы өнегелі тәрбие жайында ақыл-кеңестерін айтты. Дөңгелек үстелде отбасылық құндылық мәселесі бүгінгі таңда күн тәртібінен түспей тұрған өзекті тақырыпқа айналды. Сондықтан, жастар арасында мұндай түйткілді тақырыптарды көтеріп отырудың маңызы айрықша екендігі де тілге тиек етілді. Шараға шақырылған қонақтардың әрқайсысы жас отбасылардың ажырасу себептері мен тастанды балалардың жағдайы туралы өз пікірлерін ортаға салып, қоғам алдында тұрған маңызды міндет – отбасылық бақытқа дұрыс көзқарас қалыптастыру екендігін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, отбасын нығайту, үлкендерге ізет көрсету секілді өзекті мәселелер сөз болып, еңбек ардагерлері жас буынды тәрбиелеуде өз тәжірибелерімен бөлісті. Басқосу барысы ән мен әдіптеліп, күймен көмкерілді.