Ұлтқа қызмет - әр қазақтың міндеті
Жақында Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жарыққа шықты. Бұл біздің халқымызды терең ойға салып, өткенді еске түсіріп, алға ұмтылуға ынталандыратын айтулы оқиға ретінде бағаланбақ.
Біздің тарихымызда қасіретті сәттер мен қайғылы оқиғалар, сұрапыл соғыстар мен қақтығыстар әлеуметтік тұрғыдан қауіпті сынақтар мен саяси қуғын-сүргіндер аз болмады. Кеңесодағы кезінде ядролық жарылыстардың, яғни, радиациялық апаттардың тіршілік атаулыға қандай зиян, қандай жазылмас жара әкелетіндігіне куә болдық. Соның әсерінен әскери міндетін өтеп жүрген мыңдаған бауырларымыз зардап шекті, қаншамасы мерт болды.Мұны ұмытуға хақымыз жоқ.
Биыл мемлекетіміздің тәуелсіздік алғанына – 27 жыл толып отыр. Бұл аз да, көп те уақыт емес. Осы бір кезең ішінде еліміз талай жетістіктерге жетті. Дамыған елдермен иық тіресетіндей аяғынан нық тұрды. Қаншама дағдарыстар мен қиын сәттерді артқа тастап, алпауыт мемлекеттерге өзін мойындатты. Мұның барлығы Елбасының сарабдал саясаты мен халықтың ынтымағының жемісі деп білеміз.
Семей ядролық сынақ апаттарының ардагерлерінің мақсаты бір. Ол – Отанды сүю, қазақ елін алдыңғы қатарлы дамыған ел ету үшін аянбай жүрген Елбасын, ерліктері аңызға айналған қазақ батырларын сүю, және сол ұғымдарды ұрпақ санасына құю. Соңғы деміміз біткенше Отанымызға, Қазақстан Республикасына қызмет ету.
Елбасымыздың кемеңгерлігін, көрегенділігін көрсететін бастамалары мен бағдарламалары еліміздің даму стратегиясы болып табылатындығын және олардың қалай іске асырылып жатқандығын түсініп, еліміздің дамуына, рухани жаңғыруына титтей болса да үлесімізді қосу – міндетіміз деп білемін.
Мэлс ТОҚТЫБАЕВ,
«Семей-Ақиқат-Шиелі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.