Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Облыс әкімі Қ.Көшербаевтың Тұңғыш Президент күнімен құттықтауы

Облыс әкімі Қ.Көшербаевтың Тұңғыш Президент күнімен құттықтауы

Құрметті қызылордалықтар!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.
Ширек ғасырдан астам уақыт Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Тәуелсіз Қазақстанның символы, ел тәуелсіздігін қамтамасыз етуші болып келеді.
Ұлт көшбасшысы - Елбасының жасампаз саясаты – республика азаматтарының қарқынды дамуы және құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың кепілі.
Біздің мемлекетіміздің жетістіктері – барша қазақстандықтың қажырлы еңбегінің және Тұңғыш Президенттің көреген саясатының нәтижесі. Қазақстанның тұрақты және қарқынды дамып, ТМД елдері арасында көшбасшылардың бірі ретінде танылғанын мақтан етеміз.

Құрметті жерлестер!

Мемлекет басшысының тұрақты қолдауының арқасында Қызылорда облысы даму көрсеткіштерімен алға жылжып келеді.
Біздің басты мақсатымыз – мемлекеттік бағдарламаларды тиімді іске асыру, өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандар құрылысының жоғары қарқындылығы, шағын және орта бизнестің табысты дамуы, жергілікті еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлау және ауыл шаруашылығын кешенді әртараптандыру. Бұл тек өңірде жүргізілуі тиіс жұмыстардың бір бөлігі ғана. Бар күш-жігерімізбен, бекем бірлігіміз, тату тірлігімізбен облыстың әлеуметтік-экономикалық және индустриялық-инновациялық дамуы бойынша маңызды мақсаттарға қол жеткізетінімізге сенемін.
Осындай атаулы күні Сіздерге зор денсаулық, мол табыс, отбасыларыңызға амандық және молшылық тілеймін!
Мемлекетімізде бейбітшілік пен бақ-береке орнасын. Елбасының бастауымен егемен еліміз өсіп-өркендей берсін!
Ізгі тілекпен,
Қызылорда облысының
Әкімі Қ.КӨШЕРБАЕВ.
01 желтоқсан 2018 ж. 1 218 0