Қазынашылық жүйесі даму үстінде

Сонымен қатар, қазынашылық органдары «ORACLE» бағдарламасы негізінде жасалған қазынашылықтың біріктірілген ақпараттық жүйесінде жұмыс жасайды. Бірнеше жыл бұрын «Қазынашылық-Клиент» мемлекеттік мекемелер арасындағы электронды «құжат айналымы» жобасының тұсауы кесілген болатын. Бүгінде осы жоба аясында электронды қызмет түрін ұсынып келеді. Осы жобаның арқасында мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсету уақыты қысқарды, қағазбастылық азайды, қаржылық құжаттарды өңдеу сапасы жақсарды. Операциялық және көліктік шығындар да төмендеді. Бюджеттік бағдарлама әкімшілері мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор субъектілері «Қазынашылық-Клиент» ақпараттық жүйесінің тұтынушылары болып табылады. Қазіргі таңда «Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесі толықтай енгізілген, бұл жүйе арқылы нақты уақыт режимінде мемлекеттік мекемелердің және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаржылық құжаттарын өңдеу бойынша қызмет көрсетілуде. Қаржы министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына сәйкес қаржылық құжаттарды өңдеу уақыты жыл сайын қысқарып келеді. 2017 жылға дейін төлемге берілген шотты өңдеу 8 жұмыс сағатын құраса, 2017 жылы 7 сағатқа, ал, 2018 жылдан бастап 6 сағатқа дейін қысқарды. Стратегиялық жоспарда 2021 жылы 4 жұмыс сағатына дейін қысқарту көзделген. Яғни, электронды қызмет ұсынудан ұтпасақ, ұтыларымыз жоқ екенін аңғаруға болады.
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 98 қадамын іске асыру шеңберінде ЖӨБ-тің IV-деңгейлі бюджетін енгізу 2-кезеңмен іске асырылуда. Алғашқыда, аудан бойынша 2018 жылдан бастап халық саны – 2000 адамнан астам елді-мекендер Шиелі кенті және 13 ауылдық округте IV-деңгейлі бюджет енгізілді. Ал, 2-кезеңде 2020 жылдан бастап халық саны – 2000 адамға жетпейтін қалған елді-мекендер енгізілетін болады. Қазынашылық жүйесіндегі жүйелі жұмыстармен танысу барысында әкімшілік-ұйымдастыру жұмыстары«SAP» бағдарламасы негізінде жасалған «е-Минфин»біріктірілген автоматты ақпараттық жүйесінде жүргізіледі. Бұл жүйенің «Бухгалтерлік есеп», «Персоналды басқару», «Қаржылық, бюджеттік есептерді жинақтау және біріктіру», «Құқықтық қамтамасыз ету» тектес көптеген модульдері бар. Автоматтандырылған жүйе ұйымдастыру бірліктерінің барлық буындарын тиімді басқаруға мүмкіндік береді. Ал, білікті, өз ісін жетік меңгерген қазынашылық қызметкерлері кәсібилігінің арқасында мемлекеттік қаржыны тиімді басқару және бюджеттің атқарылуына қызмет көрсету жолында жемісті жұмыстар жасауда.
Сайпырхан Ахметов,
аудандық қазынашылық басқармасының бас маман-бас қазынашысы.