Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Дербес бюджеттің жұмыс барысы

Дербес бюджеттің жұмыс барысы

Елбасы бес институттық реформаны жүзеге асыру бойынша, «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының 98-қадамын орындау мақсатында, Шиелі аудандық қазынашылық басқармасы «Кент және ауылдық округтердің дербес бюджеті» тақырыбында семинар өткізді. 2018 жылдан бастап, халық саны 2000-нан асатын ауыл­дардың әкімдері салық және салықтық емес түсімдерді жинап, елді мекеннің түрлі проб­лема­ларын тұрғындармен кеңесіп шешетін болады.
Жиын барысында, «Қазынашылық-клиент» жүйесінде 4-ші деңгейлі бюджеттің орындалуы талқыланды. Аудандық қазынашылық басқарма басшысы С.Шарипованың төрағалығымен өткен жиында қаржы бөлімінің бас маманы Д.Баймағанбетов, кірістер басқармасының бас маманы Д.Мустафаевтар баяндама оқып, түсіндірме жұмыстары айтылып, кемшіліктер болған жағдайда жетілдіру тұрғысынан ұсыныстар қарастырылды. Сонымен қатар, шараға жергілікті атқарушы органдар, өңірдегі кірістер басқармасы, қаржы бөлімі, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің мамандары қатысты. Негізінен дербес бюджеттің бірінші кезеңі жылдың басынан бері кент пен 13 ауылдық округтерде жұмыс істеп келеді. 2020 жылға дейін қалған елді мекендерді қосу туралы аудандық қазынашылық басқарма басшысының орынбасары Д.Бекмағанбетов баяндама жасады.
– Екінші кезең бойынша, яғни 2020 жылы 4-ші деңгейлі бюджетін енгізетін ауылдық округтерге, есепші мамандарына түсіндірме жұмыстарын таныстырып, жыл соңында әрбір ауыл өздеріне ашылған жергілікті өзін-өзі басқару шоты мен ақшаны уақытша орналастыру, сондай-ақ қалдықтарды толық игеру қажеттігін де айтты. Түгелдей жаратылып болған соң, әр ауылдық округіне аймақтық коды беріледі -дейді.
Дербес бюджет, ауыл әкімі халықпен, ауыл ақсақалдарымен кеңесе отырып, тұрғындардың салығын ауылды абаттандыруға, көгалдандыруға, мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу істерін жүзеге асыруға, көпшілік мәдени тынығу жұмыстарын жүргізуге, автомобиль жолдарын реконструкциялауға және жөндеуге, елді мекендердегі көшелерді жарықтандыруға жұмсай алады. Ауыл әкіміндегі құжаттар жинағы қалыптастырылып қазынашылық пен клиент арасындағы электронды цифрлы қолтаңбаны пайдалану туралы келісім жасалып, ауыл әкімдеріне қолтаңбалы кілт тапсырылады. Мерзімі аяқталған жағдайда қосымша келісім қайта жасалынады.
Шара соңын, өңірдің қазынашылық басқармасы басшысы С.Шарипова қорытындылады. 4-ші деңгейлі бюджетті 2020 жылы енгізілетін ауылдарға бірігіп жұмыс істеуге шақырды. Қай кезде де бірігіп жұмыс істесе, барлық тарапқа жеңіл болатындығын тілге тиек етті. Алдағы уақытта да осындай семинар-кеңестер жалғасын таба бермек. Дегенменде, ауыл әкімдері қолында қаржы жоқ кезде, яғни дербес бюджет болмаған уақытта да жоғын бардай, барын нардай етіп жүрген болатын. Алдағы уақытта күніміз кешегіден жаман болмасы анық. Қолдағы барды ұқсатып, игеріп, ауылдың көркейюі, өніп, өсу жолын іздестірсек екен...
А.НҰРМАНОВА,
аудандық қазынашылық басқармасының
бас маман-бас қазынашысы.
21 шілде 2018 ж. 1 295 0