Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұрақтылық пен өркендеу кепілі

Тұрақтылық пен өркендеу кепілі


Халықтың әл-ауқатын көтеру, тұрмыс сапасын жақсарту мақсатындағы міндеттер әр жауапты тұлғаға бүкіл халық алдында жүктелді. Бұл – зор жауапкершілік. Жолдаудың жыл басында емес, қазан айында жариялануының өзі алға қойылған міндеттерге үлкен әзірлікпен келу керектігін және бұл қадамдардың елімізді, халқымызды жаңа белеске көтеру жолында аса маңызды екенін көрсетті.
Елбасы Жолдауындағы негізгі міндеттің бірі: еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2022 жылға қарай 2,5 есе көбейту. Мемлекеттік қолдаудың барлық шараларын елімізге заманауи агротехнологияларды ауқымды түрде тартуға бағыттау еді. Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін арттыруға ерекше басымдық берілді. Бұл аграрлы ауданның егіншілеріне тың серпін сыйлады. Біздің алдымызда Елбасы қойған ауқымды міндеттер тұр. Ол міндет экономикалық өсуге, ауылшаруашылығындағы инвестициялық ахуалды жақсартуға бағытталған. Ол үшін бізде қажетті мүмкіндіктер мен әлеует бар. Жолдауда Мемлекет басшысы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру үшін жыл сайын 30 миллиард теңге бөлінетінін айтып, өңдеу өнеркәсібі мен шикізаттық емес экспортты қолдауға алдағы 3 жылда қосымша 500 миллиард теңге бөлінетінін нақтылап айтты. Қазақстанның қазіргі кездегі экономикалық саясатының басты бағыты – экспортқа шығу. Яғни, ауданымызда егілген өнім де өз елімізде ғана емес, шетел нарығына да бағытталуы керек. Бұл бәсекеге қабілетті болуымызға бағдаршам болады.
Биыл да аудан бойынша 29062 гектар жерге егін егіліп, одан жалпылай алғанда 63270 тонна өнім жиналды. Бұл ала жаздай еңбектенген дихан қауымның адал еңбегі. Осындай жетістікке жеткеніміз, Елбасының сарабдал саясатымен елге деген қамқорлығы деп білемін. Әр Жолдауларда туындаған міндеттердің нақты орындалуының айғағы.

Мұрат Әшірбеков,
аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы.
10 қараша 2018 ж. 862 0