Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖОЛДАУ ОРЫНДАЛУЫМЕН ҚҰНДЫ

ЖОЛДАУ ОРЫНДАЛУЫМЕН ҚҰНДЫ


Спортты серік еткеннің дені сау, көңілі сергек. Тәуелсіздік алғалы халықаралық жарыстарда ел намысын қорғап жүрген ұл-қыздарымыз біздің мақтанышымыз. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың халыққа арнаған биылғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында «Өңірлік деңгейдегі резервтерді тауып, бұқаралық спорт пен денешынықтырудың қолжетімділігін арттыру қажет» деді. Осы орайда Мемлекет басшысы 100 спорт кешенін тұрғызу жөнінде тапсырма жүктеді.
Спорт – әлемдік аренада ел абыройын асқақтататын, елдің, ұлттың атын шығаратын бірден бір сала. Сондықтан да, Елбасы спорт кешендерін салу, оларды қарапайым халық арасында қолжетімді ету жөнінде ұсыныс айтты. Президентіміз өз сөзінде спорт кешендеріне кіру үшін оқушыларға жеңілдік жасау керектігіне тоқталды. Мемлекет басшысының айтқан сөзі, тапсырмасы өте орынды. Тек оның орындалуын мұқият қадағалап, содан нәтиже шығуына жол ашуға тиіспіз. Бұл өз кезегінде бұқаралық спорттың дамуына, осы саланың жалпыхалықтық сипатқа ие болуына оң ықпал етпек.

Нариман САПАРБАЕВ,
аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы.
06 қараша 2018 ж. 842 0