Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДА КҮНІНЕ БҰҚАРАЛЫҚ ВЕЛОШЕРУ ӨТТІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДА КҮНІНЕ БҰҚАРАЛЫҚ ВЕЛОШЕРУ ӨТТІ

Қызылордада Халықаралық Олимпиада күніне арналған бұқаралық велошеру өткізілді.Бұл шеруге кәсіби велошабандоздар мен әуесқой велосипед тебушілер қатысып,  12 шақырым жерді қала көшелерімен жүріп өтті. Сөре «Сыр-Ана» монументінен басталып, Тәуелсіздік даңғылы, Қонаев, Әйтеке би көшелері арқылы орталық алаңда мәреге жетті. Мәреде спорт сүйер қауым мен қала тұрғындары жас каратэшілердің көрсетілімін тамашалады. Сонымен қатар, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олжас Акимов мерекемен құттықтап, велошеру қатысушыларына Халықаралық және Ұлттық Олимпиада комитетінің сертификаттарын табыстады.Айтулы шара облыста бұқаралық спорттың дамуына, салауатты өмір салтын насихаттау арқылы тұрғындарды спортқа тарту, баулу, қатысушылардың шеберлігін шыңдау  мақсатында бағытталған.

25 маусым 2018 ж. 1 405 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (9394)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (9393)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (9392)

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930