Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Challange: Сенің жаңа қырың

Challange: Сенің жаңа қырың



Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері органдарының құрылғанына 20 жыл толуына орай және "Challange Сенің жаңа қырың" республикалық спорттық бастаманы қолдау мақсатында мемлекеттік қызметшілер арасында велосипед спортынан жарыс өткізілді. Веложарыстың сөресі Сұлтан Бейбарыс көшесі мен Тәуелсіздік даңғылы қиылысынан бастау алып, мәресі Евразия спорт кешені болды. "Сыр Ана" монументі алдындағы алаңда таңғы жаттығу гимнастикасы өтті. Веложарыс қорытындысы бойынша ерлер арасында мәреге бірінші болып Мейрамбек Ерубев (ТЖД) келсе, екінші боп Жандаулет Өндірей (ТЖД), үшінші - Шыңғыс Аманқұлов (Обл.сот) келді. Әйелдер арасында бірінші мәреге Әсел Жадырасынова (ТЖД), екінші болып Анар Сәлімжан (Мем.қызмет істер департаменті)келді. "Жеңіске деген жігері үшін" дипломымен Мәулен Бегалиев (Спорт басқармасы) марапатталды.
Айтулы шараға спортшылар, әуесқойлар, қала тұрғындары және мемлекеттік қызметкерлер қатысып, салауатты өмір салтын насихаттауға өз үлестерін қосты.
27 мамыр 2018 ж. 1 988 0