Бір айдан кейін елімізде кейбір банкноттар айырбастауға жарамсыз болмақ
Қазақстандықтарда ескі купюраларды жаңа банкноттарға алмастыру үшін бір айдан да аз уақыт қалды. Әңгіме әл-Фарабидің портреті бар купюра туралы болып отыр. 14 қарашадан бастап ұлттық банк ескі ақшаларды қабылдамайтын болады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі КТК арнасына сілтеп.
Ал Күлтегін түркі жазу жазылған купюралар әлі күнге дейін айналымда. Бес жыл бұрын шығарылған мың теңге – жарамды төлем құралы болып қала бермек. Бірақ, бұл банкнотты қабылдаудан бас тартқан жағдайда, заң бойынша 5-тен 50 АЕК-ке дейінг айыппұл салу қарастырылған.
Мұндай купюраны қабылдағысы келмеген кәсіпкерлерді бейнежазба немесе ақшаны қабылдаудан бас тарту туралы жазылған жазбаша негізде жазалауға болады. Қазір елімізде мың теңгенің төрт дизайны жарамды. Бұл 2010, 2011, 2013 және 2014 жылдары шығарылған банкноттар. Ал, бір айдан кейін әл-Фарабидің портеті бейнеленген банкноталарды айырбастау мүмкін болмайды.
syrboyi.kz