Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 500 теңгелік жаңа купюраны айналымға шықты

500 теңгелік жаңа купюраны айналымға шықты


500 теңгелік жаңа купюра айнылымға шықты. Жаңа банкнота «Қазақ елі» сериясымен жасалған. Купюраны баспасөз мәслихатында Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышев таныстырды. Ол жаңа ақшаның дизнайны барлық банкноталарды біріктіретін стильде дайындалғанын айтты. Жаңа 500 теңгеліктерді бірінші рет баспасөз мәслихатына қатысқан журналистер ұстап көрді. Тілшілерге өздерінде бар ескі банкноталарды жаңа басылып шыққан купюраға айырбастауға мүмкіндік жасалды. Данияр Ақышев ескі үлгідегі ақшалардың 2020 жылдың 10 маусымына дейін төлем құралы ретінде жарамды екенін ескертті. Одан кейін айналымнан шығарылады. Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы:  - Алайда біздің есебіміз бойынша ескі банкноталар табиғи жолмен айналымнан шығады. Себебі ұсақ банкноталар ірі купюраларға қарағанда қолданыста көп жүреді. Яғни олар өз уақытысына жетпей-ақ айналымнан шығады. Банктерге кассалық техникалары мен банкоматтарын қайта бағдарламалауға уақыт керек. Сондықтан жаңа банкнота айналымға біршама уақыттан соң шығады.

24.kz
23 қараша 2017 ж. 1 728 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930