ШИЕЛІДЕ ҚҰС ФЕРМАСЫНЫҢ ЖҰМЫРТҚА САНЫ ТӘУЛІГІНЕ 20 МЫҢ ДАНАҒА ЖЕТТІ



2017 жылдың мамыр айында Оңтүстік Қазақстан облысынан тағы 12 мың бас балапан әкелініп, өнім көлемін арттыру бағытында, құс фермасын кеңейту мақсатында «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы арқылы екінші деңгейлі банктен 33 млн. 500 мың теңге қосымша қаражат алып, құс фермасының 2-цехы іске қосылды.
Бүгінгі күні, құс фермасында 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, ТӘУЛІГІНЕ ӨНДІРІЛЕТІН ЖҰМЫРТҚА САНЫ 20 МЫҢ ДАНАҒА АРТТЫ. Кәсіпорында алдағы уақытта ет бағытындағы құс өсіруді жолға қойып, жылына 65 тонна құс еті өндірілетін болады деп жоспарлануда.
Шиелі Ауданы Әкімдігі ФБ парақшасынан