Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАСТАР ҚҰС ФЕРМАСЫНДА

ЖАСТАР ҚҰС ФЕРМАСЫНДА



Бүгін Шиелі ауданы, Жаңатұрмыс ауылдық округі, Байсын ауылының тұрғыны «Мейрамхан» жеке кәсіпкерлігінің төрағасы Қазыбай Мейрамханның құс өсіру фермасында жастарға кәсіби бағдар беру мақсатында экскурсия ұйымдастырылды. 
Аталмыш шараға «Атамекен» Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының Шиелі аудандық филиалының кеңесшісі Ж. Үсенова, Шиелі аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің аға кеңесшісі Б. Өтебаев және №149 «Қызылту» орта мектебінің мұғалімдері мен жоғары сынып оқушылары қатысты.
Құс өсіру фермасы 2016 жылы өз жұмысын бастап мемлекеттен 1 212 000 теңге қайтарымсыз Грантқа ие болып кәсібін жасауда. Фермада қазақы тауық, үйрек, қаз, африка тауығы, үндік, күрке тауық құстарын өсіруде. Сонымен қатар, қолға үйретілген қояндар бағуда.
М. Қазыбай асыл тұқымды құстарды көбейту бағытында ИНКУБАТОР сатып алып белгілі мерзімде 500 жұмыртқа салып балапандар басып шығаруда. Балапандарын нарыққа шығарып сатып кәсібін дөңгелетуде. Экскурсия соңында жастар кәсіпкерлік бағытта сауалдарын қойып, толық жауап алды. 
Алдағы уақытта кәсіпкер ағамыз құс фермасын кеңейтуді жоспарлап отырғанын айтты.
14 қазан 2018 ж. 1 744 0