Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жастарға жан-жақты түсіндірілді

Жастарға жан-жақты түсіндірілді

Төңкеріс ауылдық округінің жұмыссыз және кәсіпкерлік ашуға ниетті ауыл тұрғындары және жастарымен бейресми форматта кездесу өткізілді. Кездесуге "Атамекен" Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының Шиелі аудандық филиалының кеңесшісі Жанар Батырханқызы қатысып кәсіпкерлікке алғашқы қадам жасаудың алғы шарттарын түсіндіріп, кәсіпкерлікке үйрету үшін оқу-курстары бар екенін, тегін бизнес-жоспар жасап беретіндіктері жөнінде толық ақпарат беріп өтті. 
Сонымен қоса аудандық жастар ресурстық орталығының аға кеңесшісі Біржан Бақтыбайұлы жастарға қатысты мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар "Дипломмен ауылға", "Жасыл ел", "Жас құрылысшылар" жөнінде қойылған сұрақтарға толықтай жауап беріп кетті.
Кездесу соңында мал шаруашылығына берілетін жеңілдетілген несиелер, орта және шағын бизнес шаштараз, сән салоны, оқу-курстары туралы, орталықтандырылған монша салудың жолдары т.б сауалдар жолдап, мамандар тарапынан тұшымды жауаптар алды.
ЖРО ФБ парақшасынан.
08 сәуір 2018 ж. 1 383 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031