Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бейресми форматта кездесу өткізілді

Бейресми форматта кездесу өткізілді


Кеше Жуантөбе, Бестам, Талаптан, Бәйгеқұм ауылдық округтерінің жұмыссыз және кәсіпкерлік ашуға ниетті ауыл жастарымен бейресми форматта кездесу өткізілді. Кездесуге ЖРО қызметкерлерімен бірге "Атамекен" Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының Шиелі аудандық филиалының кеңесшісі Үсенова Жанар Батырханқызы қатысып кәсіпкерлікке алғашқы қадам жасаудың алғы шарттарын түсіндіріп, кәсіпкерлікке үйрету үшін оқу-курстары бар екенін, тегін бизнес-жоспар жасап беретіндіктерін айтып келе «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы жөнінде толық ақпарат беріп өтті. Сонымен қоса аудандық жастар ресурстық орталығының аға кеңесшісі Біржан Бақтыбайұлы жастар тарапынан мемлекеттік бағдарламалар "Дипломмен ауылға", "Жасыл ел", "Жас құрылысшылар" жөнінде қойылған сұрақтарға толықтай жауап беріп кетті.

Кездесу соңында Алғабас ауылынан Р. Советов, Бестам ауылынан М. Төлегенов, Е. Жетібай, Бала би ауылынан Ғ. Дүйсенбеков, Ш. Тілеубаев, Бәйгеқұм ауылынан Н. Алдабергенова, М. Палжанов, Г. Ошақбай құс шаруашылығы, балық, мал шаруашылығына берілетін жеңілдетілген несиелер, орта және шағын бизнес шаштараз, сән салоны,оқу-курстары туралы, орталықтандырылған монша салудың жолдары т.б сауалдар жолдап, мамандар тарапынан тұшымды жауаптар алды.
Жастар Ресурстық Орталығы Шиелі
04 сәуір 2018 ж. 1 571 0