Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «СӘТТІ ҚАДАМ» МАҚСАТҚА ҚАДАМ!

«СӘТТІ ҚАДАМ» МАҚСАТҚА ҚАДАМ!



«Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» Жастар қанаты Шиелі аудандық бөлімінің ұйымдастыруымен «Сәтті қадам» партиялық жобасын табысты жүзеге асыру мақсатында аудандағы кәсіпорындарда мектептердің 9 және 11 сынып оқушыларымен кездесу, кәсіпорын жұмысымен таныстыру жұмыстарын жүргізді.
10 мамыр күні 9, 10, 11 сынып оқушылары, бітіруші мектеп түлектері «Шиелі турба зауыт» кәсіпорынның тыныс-тіршілігімен танысты. Кәсіпорынмен танысу барысында «Атамекен» Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының Шиелі аудандық филиалының маманы Үсенова Жанар бітіруші сынып түлектеріне арналған мемлекеттің қолдауымен болып жатқан бағдарламалар және оқу курстары туралы кеңінен ақпарат беріп, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасына тоқталды.
«Жас Отан» Жастар қанатының Шиелі аудандық бөлімше басшысы А.Рысбаева «Президенттің әлеуметтік бес бастамасы» жөнінде, оның ішінде 3 бастамаға толық ақпарат беріп, оқушыларға жаңа өндірістік бағытындағы сұранысқа ие мамандықтар таңдауға кеңес берді. Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, қойған сұрақтарына мардымды жауаптар алды.
13 мамыр 2018 ж. 2 424 0